Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

3221
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы облыс басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданы «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастады. Әр жылдарда Семей қаласында «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, «Қаратал орманы» ММК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» ММК Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Тұрдалиев Серік Мелісұлы басқа қызметке ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Ноксвилл опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер