"Атырау мұнай өңдеу зауытының" бұрынғы басшысына қатысты тергеу расталды

3174
Adyrna.kz Telegram

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды. Қаржылық бақылау агенттігі оған қатысты қылмыстық тергеу жұмыстарының жүргізілгенін растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаржылық бақылау агенттігінің мәліметінше, Шухрат Данбай Атырау МӨЗ-ге қажетті құрылғы алу үшін  бөлінген ақшаны жымқырған. Ол 16 ақпанда Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Агенттікктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға қатысты ҚР ҚК-ның 189-бабының 4-бөлімі 2-тармағымен, яғни Атырау МӨЗ-ге қажетті құрылғы алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер