Ерлан Қошанов «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының жетекшісі болып сайланды

2698
Adyrna.kz Telegram

Палата вице-спикері Павел Казанцев ұсынған Мәжіліс төрағасының кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады, деп жазады "Адырна" сайты. 

Жиында «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының жетекшісі болып Ерлан Қошанов сайланды. Палата вице-спикері Павел Казанцев ұсынған Мәжіліс төрағасының кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады. Фракция басшысы Ерлан Қошанов депутаттарға қолдау білдіріп, сенім артқаны үшін алғыс айта отырып, ел Президенті, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында фракция жұмысын қайта бастаудың басым бағыттарын атап өтті.

Ерлан Қошанов өз сөзінде фракцияның президенттік реформалар бағытын жүзеге асыруда партия қызметінің тиімділігін арттыруға толық үлес қоса отырып, «Нұр Отанды» өзгертуге белсенді атсалысуы керектігін баса айтты. Баяндамашы праймеризден өткен, қоғамдағы беделі зор, кәсіби және өмірлік тәжірибесі мол депутаттар азаматтардың өтініш-тілектерінің мән-мағынасына үңіліп, кең ауқымды сұхбатқа кірісуі керектігін баса айтты.

Мәжіліс Төрағасы фракция алдында тұрған жаңа міндеттерді ескере отырып, заң жобалау қызметінің сапасын арттыруды, депутаттық сауалдардың өзектілігін арттыруды, партияның Орталық аппаратымен талдау және өңірлердегі жұмыс бойынша өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Фракция депутаттары ақпараттық жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік желілерге де баса назар аударуы керек. Мәжіліс спикері ағымдағы жылдың ақпан айында депутаттардың өңірлерге кетуіне байланысты фракция мүшелеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Алдағы жұмыстардың маңыздылығын атап өткен Мәжіліс Төрағасы тұрғындармен кездесулер тікелей эфирде азаматтардың нақты мәселелерін жергілікті жерде талқылау арқылы өту керектігін еске салды.

Халықтың әртүрлі санаттарымен, соның ішінде шалғай ауылдардағылармен кездесу қажет. Жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерді түсіндіріп, оларға ерекше көңіл бөлу керек.

Сондай-ақ іссапарлар барысында қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесулер өткізу, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдау қажет. Отырыс барысында жаңа міндеттерді ескере отырып, мәжілісмендер фракцияның сапалық құрамына өзгерістер енгізді.

Сонымен, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фракция төрағасының орынбасары және президиум мүшесі болып, ал Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Екатерина Смышляева фракция төралқасының мүшесі болып сайланды. Фракция отырысына «Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов та қатысты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер