Ерғали Білісбеков 30-ға жуық тұрғынды онлайн қабылдады

2461
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков кезекті рет тұрғындарды онлайн режимде қабылдап, 30-ға жуық ­азаматтың өтініші мен шағымдарын тыңдады.

Қабылдауда баспана мен жұмыспен қамту және әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер қаралды.

Әкім орынбасарына жеке мәселесін айтқан Азада Ахантаева тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұраған. Жолдасымен ажырасқан соң үш баласымен қалаға қоныс аударған. Бүгінде А.Ахантаева пәтер жалдап, қоғамдық тамақтану орнында жұмыс істейді. Алайда тұрғын үй кезегі үшін құжат тапсырмаған.

Е.Білісбеков жағдайды өз бақылауына алатынын, азаматшаға заң аясын көмек көрсететінін жеткізді. Осы мәселеге қатысты басқарма басшыларына үй кезегіне тұру жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізуді және тұрақты жұмыспен қамтуды тапсырды.

Онлайн қабылдауда атаулы әлеуметтік көмек сұрағандар да жиі кездеседі. Әкім орынбасары АӘК-тің уақытша көмек екенін, отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалатынын жеткізді.

Айта кетсек, кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% немесе 2022 жылдың 1 тоқсанына орта есеппен 25 031 теңге болып белгіленді .

Сонымен қатар, қабылдауда АӘК-ке тәуелді болмай, жұмысқа орналасып, табысын еселегісі келетін тұрғындар да болды. Осы орайда, Ерғали Дәулетбекұлы жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер