Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен жазаға тартылуы мүмкін

3314
Adyrna.kz Telegram

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты сот қамауға алу туралы шешім шығарды, – деп жазады журналист Михаил Козачков өзінің телеграм каналында, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айқын.кз мәліметінше, алайда, артынша кепілмен үшеуін де босатқан.

Ұсталған үш вайнер де ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) күдікті деп танылыпты. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе, әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Тергеу мәліметі бойынша Төребаев, Саидбаев және Шерниязов mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, ол жерден иелерінің бірі ретінде тұрақты қаржы алып отырған», – деп жазды М.Козачков.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер