Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды

4348
Adyrna.kz Telegram

Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған "Қан мен тер" романының авторы, қазақтың аса көрнекті жазушысы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрпейісов Әбдіжәміл 98 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов - 1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы дүниеге келген.

Марапаттары:

  • Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендері;
  • «Еңбек Қызыл Ту» ордені;
  • «Құрмет Белгісі» ордені;
  • КСРО Мемлекеттік сыйлығы;
  • Қазақ ССР-і Халық жазушысы. 200 томдық Бүкіләлемдік кітапхананы дайындап басып шығаруды жүзеге асыруға белсене атсалысқаны үшін, оның ішінде осы сериядағы Мұхтар Әуезовтың екі томдығына арналған алғысөзді мұқияттылықпен жазып шыққаны үшін РКФСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы;
  • Қазақстанның «Отан» ордені;
  • 1985 жылы «Қазақ КСР халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

Марқұмның туыстары мен жақындарына "Адырна" ұлттық порталы ұжымы қайғыра көңіл айтады!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер