Дикий Арманның қазір қайда екені белгісіз - адвокат

3099
Adyrna.kz Telegram

Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары оны Алматыдағы тергеу изоляторынан алып шыққанын айтты. Қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің қазір қайда екені белгісіз, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап. 

Құқық қорғаушы Талғат Есімовтің айтуынша, ақпанның 1-інен 2-сіне қараған түні «Дикий Арманды» тергеу изоляторынан алып шыққан. Қорғаныс тарапы көмек сұрап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.

– Арман Жұмагелдиевке екі рет бардық. Жауап алу кезінде ол тергеумен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді, – деді Талғат Есімов Facebook желісіндегі тікелей эфирде.

Арман Жұмагелдиевтің қазір қайда екені белгісіз. Құқық қорғаушының кейбір мәліметтері бойынша, күдіктіні ҰҚК ғимаратына апаруы мүмкін.

– Тергеу тобының мүшелері Жұмагелдиевтің куәлік беруге дайын екенін білді. Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін куәлік беретінін айтты. Бас прокурор бұл не деген бассыздық, – деді адвокат Виктор Кривоносов.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер