Қызылордада жоғалған 16 жастағы қыз елордадан табылды

2650
Adyrna.kz Telegram
Қызылордада жоғалған 16 жастағы қыз елордадан табылды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 
Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда қаласының тұрғынынан 16 жастағы қызының үйінен сабаққа шығып, қайта оралмағаны жөнінде хабарлама түскен.
Қызылорда облысы полиция департаменті іздестіру шараларын бастаған. Ювеналды полицейлер қыздың Нұр-Сұлтан қаласында жүргенін анықтап, әріптестердің көмегімен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған.
Облыс бойынша өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кетудің 84 дерегі тіркеліп, олардың барлығы ата-аналарына аман-есен тапсырылды.
“Адырна” ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер