Шымкентте еріктілер ревакцинациядан өтіп жатыр

2184
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте ревакцинация жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Шымкент қалалық №1 емханада ерікті жастар ревакцинация жасатты.

— Жоспар бойынша бірінші жартыжылдықта №1 емханаға тіркелген 9 мыңдай адам ревакцинациядан өтуі тиіс. Ревакцинация кезеңі басталғалы бері 3200 кісі екпе алды. Емханада «Pfizer», «Vero Cell», «Спутник Лайт» екпелері бар. Екпеден кейін әр пациентті бақылау пунктінде қадағалаймыз. Еріктілерден ревакцинациядан кейін ешқандай кері әсері байқалған жоқ, - деді Шымкент қалалық №1 емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуов.

Коронавирусқа қарсы ревакцинацияға келген ерікті Қаламқас Керімбайдың айтуынша, екпенің алғашқы екі компонентін қабылдағанда кері әсері болмаған.
— Ревакцинацияға өз қалауыммен келіп тұрмын. Себебі, денсаулыққа бей-жай қарауға болмайды. Пандемияны екпенің көмегімен ғана жеңетінімізге сенемін. Сондықтан замандастарымды екпе алуға және 6 айдан соң ревакцинациядан өтуге шақырамын, - дейді ол.

Айта кетейік, қаладағы емханаларда 12-18 жас аралығындағы оқушыларға, жүкті және босанған әйелдерге «Pfizer» вакцинасы салынып жатыр. Сондай-ақ, екпенің бұл түрі 60 жастан асқан егде кісілерге ревакцинация үшін ұсынылып отыр.

«Шымкент келбеті» — Ақбөпе ЕРГЕШ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер