iPhone-да жаңа функция: енді қолданушылар смартфон құлпын бетпердемен де аша алады

1021

Apple iPhone қолданушылары үшін бетпердеден тану мүмкіндігін қосты. Бұл туралы The Verge мәлімдеді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

IOS 15.4 бета-нұсқасында бетперде киген иесінің смартфонның құлпын ашу мүмкіндігі пайда болды. Осылайша iPhone бетіне қорғаныс аксессуар киген қолданушыны тани бастады. Құрылғы иелері бұл мүмкіндікті телефон параметрлерінен қосып ала алады.

Опцияны орнатқан кезде, iPhone «бірегей көз аймақтары» арқылы иесін тани алатыны туралы хабарлама пайда болады. Бұрын Face ID функциясы пайдаланушының беті ешқандай киім мен аксессуарлармен жабылмаған жағдайда ғана жұмыс істейтін. Бұл реттегі хабарламада бетперде киген бетті ашу біраз уақыт алуы мүмкін екені айтылады.

Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік тек iPhone 12 және 13 сериялы смартфондарда жұмыс істейді. Бетпердемен телефон құлпын ашу опциясы iOS 15.4 көпшілікке жарияланғаннан кейін Face ID бар барлық Apple смартфондарында қолжетімді болады деп күтілуде.

2021 жылдың сәуірінде Apple Apple Watch пайдаланушылары үшін iPhone-ға бетпердемен құлпын ашу мүмкіндігін қосты. Егер смарт сағаттың құлпы ашылған болса, Face ID iPhone қорғанысын босатады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket