Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода және Қырғызстан хатшысы Марат Иманқұловпен телефон арқылы сөйлесіп, тараптарды шекарада атысты дереу тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.
"Шекарада жаңадан басталған қақтығыстар үлкен алаңдаушылық тудырады, салдарынан жараланғандар бар. Тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы қақтығыс дереу тоқтатылуы тиіс", - деді Зась.
Ол шекарада туындаған жанжал тек келіссөз үстелінде бейбіт жолмен шешілуі керегін баса айтты.
"ҰҚШҰ Қырғызстан мен Тәжікстанға жанжалды шешуде қажетті көмек көрсетуге дайын. ҰҚШҰ-ға мүше екі мемлекеттің басшылығы осы күрделі шекаралық мәселені реттеу үшін өзара қолайлы жолдар табатынына сенімдімін", - деді ҰҚШҰ бас хатшысы.
“Адырна” ұлттық порталы