Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды (ВИДЕО)

3180
Adyrna.kz Telegram

27 қаңтарда кешкі уақытта қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай күрт нашарлады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, бейсенбіде сағат 17:30 - дан 18:00-ге дейін Тәжікстан шекарашылары Баткен ауданы Төрт-Кочо елді мекеніндегі Баткен-Исфан автожолының бөлігіндегі жол учаскесін біржақты тәртіппен жауып тастаған.

"Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекара өкілдері арасында жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша жол учаскесі қайта ашылды. Алайда, сағат 19:35-те Тәжікстан тарапы Баткен ауданының Чыр-Добо елді мекеніндегі шекара бөлімшелері бойынша қару қолдануға байланысты жағдай нашарлады", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара әскерлерінің бөлімшелері арасындағы негізгі атыс Төрт-Кочо және Чыр-Добо елді мекендерінде өтіп жатқаны айтылады. "Тәжік тарапы минометтер мен гранатометтерді пайдаланып жатыр", - деп атап өтті ведомстводағылар. 

Turmush мәліметтері бойынша, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс аймағынан тұрғындарды эвакуациялау басталған. Шекара маңындағы тұрғындардың бірінші тобы президенттің Баткен облысындағы өкілетті өкілдігінің ғимаратына жеткізілген. Жергілікті билік эвакуацияланған адамдарға үй-жайларды дайындап жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер