Желі қолданушыларын қызықтырған "жыршы" атаның кім екені белгілі болды

1115

Желіде немересін ойнату үшін шапан киіп, көзін ойнақтатып, домбырамен рухты жыр айтқан атаның видеосы тарап жатыр. Кадрлардағы ер адам актер, театр режиссері Бейбіт Құсанбаев болып шықты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

Желідегі видеолардан атасы немесеріне ұлы Абайдың "Сабырсыз, арсыз, еріншек" өлеңі мен "Махамбет жырын" айтып бергенін көруге болады. Ал бала оны тыңдап мәз-мейрам, тағы айтып беруін де сұрайды.

Желі қолданушылары да атасының бұл әрекетіне тәнті болып, жылы сөз жазып жатыр. "Керемет ата! Осындай аталарымымыз аман болсын, немересін ойнатып, осыдан асқан бақыт бар ма?", "Атамыз өнерлі екен, Алланың нұры жаусын! Болашақта айтыскер ақын өсіп келе жатыр", "Атасы мықты екен пах", "Супер ата болды ғой", - дейді олар.

Немересіне рухты жыр айтып жүрген ер адам - ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы Мәдениет үйі "Халық" театрының режиссері, Ақсуат Мәдениет үйінің жанынан құрылған "Тамшы" балалар театрының жетекшісі Бейбіт Құсанбаев болып шықты.

Бейбіт Құсанбаев - қазақстандық актер, театр режиссері. ШҚО, Өскемен қаласы Жамбыл атындағы драма театрының, елордадағы Жастар театрында актері болған. Әр жылдары Шабыт өнер академиясы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы да болған.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket