Енді елімізде зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдағандарға субсидия төленбек

10230
Adyrna.kz Telegram

Енді Қазақстанда зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдаған мекемелерге субсидия төленеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Qazaqstan" арнасына сілтеме жасап. 

Бұл бағытта "Күміс жас" республикалық жобасы іске қосылмақ. Бағдарламаны Қарағанды облысы бастайды. Биылға жоспар – 534 адам.

Аға буын өкілдеріне жұмысқа қайта орналасу өте қиын. Жаңа жоба осындай санаттағы адамдарға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс табуға көмектеседі. Оларды қабылдауға ниет білдірген жұмыс берушінің жалақысы субсидияланады. Ай сайын мемлекет тарапынан 30 АЕК көлемінде ақша төленеді. Бұл 91 890 теңге.

Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталықтарына немесе "Еnbek" электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет.

 

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер