Сенат депутаты: "Елімізде 2 миллион азамат жұмыс таба алмай жүр"

4632
Adyrna.kz Telegram

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстанда жұмыссыздар саны мен кедейшілік деңгейі бойынша статистика дұрыс жүргізілмейтінін,  бүгінде 2 миллион азамат жұмыс таба алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы депутат Премьер-министр Әлихан Смайыловқа арналған депутаттық сауалында айтты:

“Мәселен, 2021 жылы үкімет Қазақстанда ресми түрде 450 мың адам жұмыссыз деп есептелгені, ал кедейлік деңгейі 4,5% -дан аспайтыны туралы ақпарат берді. Бірақ іс жүзінде көрсеткіштер мүлдем басқа.

Біздің есептеулер бойынша, 2 миллион азамат жұмыс таба алмай жүр. Елдегі кедейлік деңгейін анықтаудың қазақстандық тәсілі әлі күнге дейін көрсеткіштерді төмендетуді жалғастыруда. Кедейлік шегін айқындаудың әлемдік стандарттарға шығуға не кедергі? Болашақта жалған статистикадан толығымен арылу қажет. Жалған ақпараттан, ащы болса да шындық керек”, – деді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер