Шымкентте оқушыларға тегін тамақ беріле бастады

3701
Adyrna.kz Telegram

Былтыр Шымкент қаласының білім саласы бойынша қабылданған оң шешімдердің бірі - бастауыш сыныптарға мемлекет есебінен тегін тамақ беру шешімі болды. Бұл туралы Шыңғыс Мұқан өз парақшасында жариялады. 

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің ұсынысымен, Мәслихат депутаттарының қолдауымен, желтоқсан айында биылдан бастап 1-4 сынып оқушыларын жүз пайыз ыстық тамақпен қамту туралы шешім қабылданған болатын.

Шымкент қаласы әкімінің Қаулысына сәйкес, оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ берілу басталды. Осыған дейін тегін бір мезгіл ыстық тамақ тек әлеуметтік жағдайына қарай берілген болса, енді мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушылары жүз пайыз ыстық тамақ ішуге мүмкіндігі бар.

Бүгінде қалада мемлекеттік мектептерде - 88 657, жекеменшік мектептерде 12 500 бастауыш сынып оқушысына тегін тамақ берілуде. Оған қоса 28 367 аз қамтылған оқушылар да тегін тамақтануда.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер