Нұрболат Айдапкелов «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

3135
Adyrna.kz Telegram

2022 жылғы 24 қаңтарда Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросын басқарған.

«Бәйтерек» холдингінде ол агроөнеркәсіп кешенін қолдау және дамыту мәселелерін қадағалайтын болады.

Айдапкелов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2001 жылғы қаңтардан 2003 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК-да жұмыс істеді.

2003-2007 жылдары - «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ қаржы департаментінің бас маманы, директоры.

2007-2008 жылдары - «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры.

2008-2009 жылдары - «ҚазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы.

2009 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін - «AstanaKnowledgeCity» АҚ кеңесшісі.

2009-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары, жауапты хатшысы.

2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Әлеуметтік-демографиялық статистика департаментінің директоры.

2015 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың мамырына дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылғы 26 мамырдан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы.

2020 жылғы 6 қазанда ел Президентінің жарлығымен Статистика комитеті Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылды.

2020 жылғы 28 қазаннан бастап 2022 жылғы 24 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер