Симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды

633

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды баяндай келе, жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі қысқартылғанын мәлімдеді.

«Жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады», - деді министр.

Селекторлық жиынға қатысқан Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Ведомство басшысының тапсырмаларынан соң басқарма басшылары және аудан әкімдерімен қаладағы эпидахуалды талқылады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған саны 5420-ға жеткенін, емделіп шыққан науқастардың саны 451, өкінішке орай 20 науқас қайтыс болғанын айтты. Алдыңғыға қарағанда бұл аптада вирус жұқтырушылар санының азайғанын көруге болады. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 85 жағдайы тіркелді.

Бүгінге 4 949 науқас емделіп жатыр, оның ішінде стационарда 394 науқас, 4 555 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Инфекциялық стационарлар ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілген болатын. Қалада 828 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 394 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 47% құрайды, 434 төсек орын бос. Жансақтау бөлімінде 131 төсек орын бар, онда 48 азамат ем қабылдауда, 83 төсек орын бос. Толымдылық – 36 пайыз.

Қалада 45 екпе егу бекеті бар. 1-ші компонентпен 594 774 адам, 2-ші компонентпен 581 276 адам егілді. Тиісті контингенттің (596205 адам) 1-ші компонентпен 99,8%, 2 компонентпен 97,5% вакцинацияланды.

«Pfizer-BioNTech» вакцинасының 1-ші компонентімен 32 622 адам егілді, 2-ші компонентімен 14 067 адам егілді. Үшінші дозасымен 72 230 адам ревакцинацияланды.

41емханада 164 мобилді бригада жасақталып, олар үй жағдайында ем қабылдап жатқан 4 555 науқас пен коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 9 632 адамға медициналық қызмет көрсетуде.

Карантин режимін сақтау бойынша жылдың басынан мониторингтік топтар 746 объектіде рейдтік іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде 12 хаттама толтырылды және1 млн.теңге сомасына айыппұл салынды.

Қала әкімі мобильді бригадалардың жұмысын күшейтуді, аудан әкімдеріне мониторингтік топтармен бірге тексеру жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптарының қатаң сақталуын бақылауды тапсырды. Омикрон штамының тез таралу қаупіне орай барынша сақтық шараларын күшейту қажеттігін айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket