Сауд Арабиясына Йеменнің халықтық жасақтары шабуыл жасады

1836
Adyrna.kz Telegram

23 қаңтарда Йемендегі "Ансар Аллах" проирандық қозғалысы Сауд Арабия бағытында баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Баллистикалық зымыран Джазандағы Ахад Әл-Масарихтың өндірістік аймағына құлап, нәтижесінде 2 адам - Судан мен Бангладеш азаматтары қаза тапты. Шеберханалар мен азаматтық көліктерге де зиян келтірілді.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы Йеменнің әл-Джуф провинциясынан ұшырылған адам басқармайтын екі ұшу аппаратын жойды.

Сауд Арабиясының бақылауындағы Йемен қорғаныс министрлігі хуситтер соғысудан бас тартқан жауынгерлерді өлтіріп жатқанын айтты. Йеменнің Сауд Арабиясын қолдайтын үкіметі бұл жауынгерлерге халықаралық құқыққа сәйкес адамгершілікпен қарауға уәде берді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер