«Отбасы Банкі» мемлекеттік бюджеттен 51 млрд теңге көлемінде жылдық 2 пайызбен ипотекалық несие алғысы келеді

831

«Отбасы банкі» 51 млрд теңге көлемінде мемлекеттік бюджеттен қарызға алғысы келеді, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "kaztag.kz"-ке сілтеме жасап.

"Бюджеттік кредит қарыз алушыға "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 231 Бюджеттік кредит беру бюджеттік бағдарламасы бойынша 51 млрд теңге сомасында беріледі. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру үшін", - делінген "Отбасы банкі" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-на бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарының жобасында.

Несие 25 жыл мерзімге жылдық 0,01%-дан 22 жыл даму мерзімімен беріледі деп жоспарлануда.

"Бюджеттік кредитті берудің мақсаты — жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған аз қамтылған отбасыларына "Бақытты отбасы" бағдарламасына сәйкес санаттар бойынша жылдық 2% сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру, — делінген құжатта.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket