Елімізде 17 мыңға жуық азамат көктемде әскерге шақырылады

2775
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде, басқармалары мен бөлімдерінде 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны алдында жастарды зерделеу жұмыстары басталды. Әскерге 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақырылады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бір күнде шамамен 800-900 әскерге шақырылушы келеді.
Әскерге шақыру жасындағы барлығы 90 мыңнан астам жасөспірім зерделенеді, — деді Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Аян Еслямов.

Жергілікті әскери басқару органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Ұлттық ұланына әскерге шақыруды жүзеге асырады. Биыл көктемде шамамен 17 000 азамат әскерге шақырылады. Олардың 6 500-ден астамы Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінде қызмет етеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер