Тоқаев: Ең бірінші кезекте Ресейге оқуға жібереміз

7088
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі білім беру саласы қайта қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен біздің елдегі білім саласын қайта форматтан өткізгім келеді. Біз экономист, заңгер мен менеджер мамандарын көптеп шығара бастадық. Бірақ бізге қазір білімді техникалық рельске түсіру керек»,– деді ол.

Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасына өзгеріс керек екенін атап өтті.

«Біз жас азаматтарды оқуға, оның ішінде Ресейге аттандыратын боламыз. Бәлкім, ең бірінші кезекте Ресейге, техникалық жоғары оқу орындарына жіберу керек шығар. Таяуда ғана мен әлемнің жетекші елдерінің филиалдарын техникалық мамандықтар бойынша ашуды тапсырдым. Қазақтар, жас қазақтар ең алдымен технарь болуы керек. Бұл – менің түпкі байламым»,– деді Президент.

Ол осы мәселе жөнінде Үкіметке егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы кәсіпкерлерге қарапайым отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсетуді ұсынды.

«Егер әрбір қаржылық өнеркәсіптік топ заманауи зауыт орнатса, ауылдардан, қала маңынан, ірі қалалардан келген 1000 қарапайым баланы оқытса, оларға жақсы және адал ақша табуға мүмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі болар еді. Бизнестің бір жауапкершілігі болуы керек. Бұл үшін сіздерде бәрі бар: капитал, тәжірибе, менеджерлер тобы, нарықтың шынайы көрінісі»,– деп түйіндеді Тоқаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер