Мұғалім алаяққа 750 мың теңге беріп, жұмысқа тұрғысы келген

2336
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстауда мұғалім өзін мектепке мұғалім етіп орналастыруға уәде берген алаяққа алданып қалған. Ол өз қызметі үшін 750 мың теңге сұраған. Жас маман ақша берген, бірақ жұмысқа кіре алмағасын полицияға арыз жазған, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы “Астана” телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Бұл оқиғаға қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

"Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтты. Жәбірленушіден кешірім сұрады. Ол соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сот үкімімен әйел адам кінәлі деп танылып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Мұнайлы аудандық сотының судьясы Берік Өтеев.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер