Мемлекет басшысы уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді

3209
Adyrna.kz Telegram

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына арнайы операциялық күштерді құру бойынша жұмысты жеделдетіп, ұлттық қауіпсіздік жүйесін реформалау бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Президент терроризмге қарсы операция мен тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеу керектігін қосты.

Ел басшысы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтау қажеттілігіне назар аударды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер