Алматылықтар Бақытжан Сағынтаевтың отставкасын талап етіп, петицияға қол қойып жатыр

19464
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының тұрғындары Бақытжан Сағынтаевтың отставкасын талап етіп, петицияға қол қойып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Stan.kz"-ке сілтеме жасап.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап еткен петиция бірнеше сағат ішінде 7 мыңнан астам қол жинады. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталған.

Алматы қаласының тұрғындары қол қойған петиция авторларының пікірінше, Сағынтаев "өміріндегі ең маңызды сынақтан өте алмады. Ең қиын күндері қала тұрғындарына моральдық жағынан да, физикалық жағынан да қолдау көрсетпеді”.

"Ол тіпті, қарапайым эфирге шығып, алматылықтарға үндеу айтпады.Қолдау көрсетпеді. Біз әкімді 8 қаңтарға дейін көпшілік алдынан көрмедік", - делінген петицияда.

"Қазіргі қала әкімінің қазіргі әрекеті мен бұған дейінгі әрекетсіздігі қынжылтады. Сағынтаев мырза, тұрғындардың қоғамдық кеңестегі белсенділігіне, сондай-ақ қала үшін басты құндылық - балалар мен жақындарымыздың қауіпсіздігін алға қоймағанына қарамастан, өзінің күн тәртібі бойынша жұмысын жалғастыруда. Әкім мырза ең қиын сәттерде басшы ретінде өзінің толық дәрменсіздігін көрсетті деп ойлаймыз. Пандемия кезінде де, террористік шабуылдар кезінде де солай болды", - делінген хабарламада.

Белсенділер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан жаңа Алматы әкімі қызметіне сайлау өткізуді сұрайды.

"Алматы әкімі лауазымына ашық сайлау өткізу уақыты келді деп есептейміз. Егер бұл мүмкін емес деп санасаңыз, онда сізден туған қаласының мұқтажын жақсы білетін және оңтүстік астана тұрғындарының қолдауына ие болған нағыз алматылықты қала әкімі лауазымына тағайындауыңызды сұраймыз", - делінген петицияда.

Айта кету керек, Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласын 2019 жылдың маусым айынан бастап басқарып келеді.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер