Коронавирус: Локдаун, вакцина, статистика

2364
Adyrna.kz Telegram

Елімізде қалыптасқан күрделі эпидемиялық ахуал бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде.

 

Орталық Азия елдерінде неше адам коронавируспен ауырды?

Қазақстан - 708 379 адам (қайтыс болғаны - 7 867)

Қырғызстан - 172 937 адам (қайтыс болғаны - 2 462)

Өзбекстан - 145 615 адам (қайтыс болғаны - 994)

Тәжікстан - 16 223 адам (қайтыс болғаны - 124)

Түркіменстан - ресми тіркелмеген

Осы орайда әлемдік статистикаға назар аударсақ, тек 10 шақты елде (мұхит аралдары) ғана коронавирус тіркелмеген. Ал суық материк Антарктиданың өзінде 58 адам коронавирусты жұқтырған.

 

Орталық Азия елдерінде халықтың неше пайызы толыққанды вакцина салдырды?

 

Қазақстан - 25%

Қырғызстан - 4,38%

Өзбекстан - 3,4%

Тәжікстан - 1,36%

Түркіменстан - 0,2%

Елімізде вакцина салдырудың төменгі деңгейде жүргізілудің бір себебі, вакцина таңдауының аздығында. Бұған дейін бірнеше вакцинаның түрі болғанымен, қазіргі таңда қайда барсаң да, алдынан Sputnic V күтіп алады.

 

Орталық Азия мемлекеттерінде вакцинаның қандай түрлері бар?

Қазақстан:  Sputnik V, Vero Cell, QazVac, Hayat-Vax, CoronaVac.

Қырғызстан: Sputnik V, Sinopharm (Қытай, 1,25 млн доза), AstraZeneca (Ұлыбритания, 226 мың доза), QazVac (Қазақстан, 25 мың доза).

Өзбекстан: ZF-UZ-VAC2001 (Қытай-Өзбекстан бірлестігі, 10,5 млн доза), Спутник V, AstraZeneca (Ұлыбритания, 1 млн мың доза ), Moderna (АҚШ- 3 млн доза).

Тәжікстан: Moderna (АҚШ-1,5 млн доза), AstraZeneca (Ұлыбритания, 250 мың доза), CoronaVас (Қытай, 1,5 млн доза)

Түркіменстан: CoronaVac (Қытай),  Sputnik V, ЭпиВакКорона (Ресей), AstraZeneca (Ұлыбритания).

Statista.com сайтының 12 тамыздағы мәліметі бойынша Ресей Федерациясы Sputnik-V вакцинасын 30-дан астам елге сатқан:

1. Үндістан - 250 млн доза 2. Иран - 60 млн доза 3. Түркия - 50 млн доза 4. Непал - 25 млн доза 5. Египет - 25 млн доза 6. Мексика - 24 млн доза 7. Вьетнам - 20 млн 8. Венесуэла - 10 млн 9. Бразилия - 10 млн доза  10. Қазақстан - 6 млн доза 14. Өзбекстан - 1 млн доза 16. Қырғызстан - 100 мың доза Бұл статискаға назар аударсақ, еліміз солтүстік көршінің вакцинасын сатып алудан ТОП-10 елге кіреді. Егер адам басына шағып есептейтін болсақ, тіпті Қазақстан көшбасшы саналады.

Локдаун жемісін берді ме?

 

Әлем елдері коронавирус салдарынан 2020 жылы басты спорттық шараларын шегеріп қана қоймай, елде локдаун жариялағанымен, Швеция мемлекеті аталмыш шараны қабылдаудан бас тартты. Салдарынан 1 млн 11 мың азамат коронавирусты жұқтырып, 14 659 тұрғыны қайтыс болды. Осы орайда көршілес мемлекеттер локдаун енгізгеннің арқасында адам өмірін көп мөлшерде сақтап қала алды. Мысалы, Дания - 333 815 адам (2 562-сі қайтыс болды), Норвегия - 146 056 адам (811-і қайтыс болды), Финляндия - 119 320 адам (995-і қайтыс болды).

Ал Жаңа Зеландияда соңғы 6 айда алғаш рет 1 адамнан коронавирус тіркелді. Билік жедел шешім қабылдап, 1 адам үшін ел ішінде 7 күндік локдаун жариялады. Айта кетейік, Жаңа Зеландия коронавирусты жұқтырудан әлемдік статистикада ең баяу таралатын ТОП-10 мемлекетке кіреді.

Коронавирусты жұқтыру деңгейі төмен елдің бірі - Монако. Франция билігі бұл патшалықтан 30 шақырымға дейін және таңғы 6-дан кешкі 6-ға уақыт аралығында ұзауға рұқсат берген. Ал 30 шақырымнан асқысы келгендер міндетті түрде ПЦР тест тапсыруға міндеттелді. Нәтижесінде 3 033 адам коронавируспен ауырып, 33-і көз жұмды.

Егер заттарын алуға қорқатын көрші әрі коронавирустың "астанасы" Қытайдың статистикасына тоқталсақ, онда небары 106 мың адам коронавирусты жұқтырған. Салыстырмалы түрде Қазақстаннан 7 есеге аз! Олардың коронавирус толқынын төмендетуге бетперде тағуға деген жауапкершілік, тәртіп, қатаң тексеріс, экологияның ластығы салдарынан бұған дейін де бетперде тағуға үйренгендігі, бейресми Қытайдың дәстүрлі медицинаның мықтылығы әсер етеді-мыс.

Дәл осындай жауапкершіліктің арқасында коронавирус эпидемиясы әлемде 3-ші (алғашқы - Қытай, екінші - Таиланд) елде анықталған Жапония 200-ден астам мемлекеттің басын қосқан жазғы Олимпиада ойындарын көрерменсіз жоғары сақтық шараларымен өткізді.

Коронавирустың бүгінгі салдары болашағымызға  әсер ететінін естен шығармайық...

Қанат БАЙҰЗАҚОВ, 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

Пікірлер