"Шивээт улаанға" жасалған сапар

3366
Adyrna.kz Telegram

Астанада Халықаралық Түрік академиясының ұйымдастыруымен өткен жазда Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешеніне жүргізілген «Тәңіртаудан Өтүкенге дейін: Ұлы дала көшпелілерінің тарихи-мәдени қазыналары» атты ІІ халықаралық экспедицияның ғылыми жаңалықтары мен қорытынды нәтижелері таныстырылды, дейді BAQ.kz 

«Моңғолияның орталық ауданында орналасқан «Шивээт улаан» деп аталатын аса ірі ғұрыптық кешен бар. Осы кешенде археологиялық зерттеу, жалпы құрылым бітімін анықтау мақсатында бірлескен экспедиция 2 ай бойы қазба жұмыстарын жүргізді. Басты мақсатымыз қорымның құрылым-бітімін анықтау болды. Өйткені, бұл көне түркі дәуірінің бітім-болмысы жағынан қайталанбайтын ерекше кешені. 60-тан астам таңбасы, 30-ға жуық тас мүсіндері бар, таудың төбесінде, екі өзеннің қиылысында орналасқан», - дейді «Шивээт улаандағы» экспедицияның қазақстандық тобына жетекші болған ғалым Нәпіл Базылхан.

n-pil-bazyilhan-2

Нәпіл Бәзілханның айтуына қарағанда бұл кешенді бұған дейін кең көлемде ешкім зерттемеген.

«Кешен құрылысының жалпы көлемі 120*45 метрді құрайды. Жалпы құрылымы таспен қаланған, төртбұрышты созылыңқы пішінді 11 кішігірім мұнаралы қамал қабырғалардан тұрады. Мұнан бөлек, бас құрылыстың 8 қырлы бөлігінің төртбұрыш текше іргетасты. Осы жерде қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сөзі еске түседі. Археологиялық зерттеу барысында 9 адам бейнелі, 4 жырқыш аң бейнелі, 1 қозылы қой бейнелі, 3 қошқар бейнелі тас мүсіндер табылды» - дейді ғалым.

n-pil-bazyilhan-3

Айта кетерлігі, бұл экспедицияға Түркі академиясы халықаралық ұйымы қолдау көрсеткен.

n-pil-bazyilhan-4

Таныстырылым соңында Нәпіл Бәзілханның еңбегін жоғары бағалаған Түрік академиясы халықаралық ұйымы оған «Құрмет громатасын» тапсырды.

n-pil-bazyilhan-5

Пікірлер