Таңба тарихын білудің өзектілігі

6765
Adyrna.kz Telegram

Ерте замандарда мәдениеттің бастауы ретінде Еуропаны санап келген.  1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан дәуір сенсациясына баланған Алтын адам табылып, әлемді дүр сілкіндіріп, бұл пікірдің қате екенін дәлелденді. Біздің елдің өнертанушыларын ғана емес, әлемді де таңқалдырған. Тіпті әлемнің үздік деген өнертанушылары Алтын адамды «Қазақ жерінің Тутанхамонына» теңеп, ерекше маңызы бар тарихи жәдіргер екенін айтқан.

Алтын адам бізге бір ғана жаңалықтан хабар етпеді. Ол өзінің бірнеше жаңалығын да алып келген еді. Сол замандағы дала өркениеті мен мәдениетін, аң стилін, одан қала берді қазақ жеріндегі метталургияның да жоғары дәрежеде дамығанынан хабардар етті. Қазақ жеріндегі металлургияның ерте замандардан-ақ қазақ халқымен байланысты екенін дәлелдеді. Алтын адамның киімі сол замандағы ханзада немесе көсем екенін аңғартады. Одан бөлек оның киіміндегі алтын қапсырмалар математикалық, геометриялық, симметриялық дәлдікпен жасалғанына еріксіз бас шайқайсың. Алтын адамның жанынан табылған күміс тостағанның өзі де ғалымдарды таңқалдырғаны бар. Себебі, бұл күміс тостағанның түбіндегі жазу - Орталық Азия аумағындағы бұрын-соңды табылған жазулардың ішіндегі ең көнесі болып саналған екен.

Алтын адам

 

Қазақ жеріндегі таңба тарихы сол сақ замандарынан бастауын алады. Негізінен алып қарасақ, ертедегі қазақ жерінен табылған суреттер де сол замандағы ақпарат берумен қатар, одан бөлек арнайы рулық таңбалардың да қызметін атқарған. Тек уақыт өте келе олар да өзгерістерге түсіп, адамның санасынан бірте-бірте сөне берген. Ерте кездегі қазақ жеріннен кеңінен тараған сол Алтын адамнан бөлек, Алып Ер Тұңғаны (Тоңаны) жоқтау сынды ауызша хабар таратумен қатар, бұл туынды көркем шығарма да бола алғанын ескеруіміз керек. Сол замандарда ақпараттың қызметін атқарған бұл туындылар қазіргі уақытта тек қана аңыз-әңгімелер секілді таралып жүр. Ол уақытта таңба тарихының арнайы бастау кезеңі деп қарастырғанымыз дұрыс болар. Себебі, таңба бір күнде аспаннан түсе салмағаны анық қой. Тек олар уақыт өткен сайын жаңарып, өңделіп отырған.

Нағыз таңбалардың дами бастаған кезеңі де Алтын адамның өмір сүрген уақытқа сәйкес келсе керек-ті. Одан біртіндеп дами келе, қазақ жерінен табылған таңбаларда, сонау Орхон-Енисей өзендерінің аңғарларынан табылған руна жазуларына ұқсас екенін аңғарған. Алайда, сол тас бітіктердегі жазудың басты айырмашылығына келсек, қазақ жеріндегі Алтын адамның жанынан табылған жазу сол руна жазуына қарағанда едәуірге ерте пайда болғанын ғалымдар дәлелдеген екен. Одан бөлек сол өзеннің аңғарында жазылған тасқа басылған таңбаларда қазіргі уақытқа дейін қазақтардың өмірінде әлі қолданып келе жатқан, ру-тайпа сынды нәрселердің тасқа қашалып жазылуы бұл қазақтардың арғы ата-тегінің бірі екенін дәлелдеп бергендей болды десек болады. Ол уақытта да тасқа басылған таңбаларды оқыған ғалымдар көбіне елдікті, ел қорғауды, елінің тәуелсіздігін аңсауы сынды негізгі мақсаттарын жазып қалдырғанын анықтаған екен. Бұл да ертедегі қазақ халқының арманы болған егемендікті аңсауы екенін көре аламыз.

Біздің бүгініміз ертеңге тарих. Ертедегі қазақтардың тарихын күмбірлетсек, сонау XV ғасырда  ғана пайда болды деген жаңсақ пікірді жоққа шығарады. Негізі біздің тарихымыздың бастауы сақтар. Олар ешкімге бірінші болып соғыс ашпады. Алайда жеріне қауіп төнгенде олар қасық қаны қалғанша, бозторғай жаны ұшқанша соғысты. Тарих атты алып кітаптың келер ұрпақ сарғайған беттерін парақтап отырғанда өз атының алтын әріптермен жазылып тұрғаны да қандай ғанибет. Олардың ерліктері тарихта алтын әріппен жазылып, есімдері ұрпақ жадынан өшпеді. Сонау заманда Дарий I, Кир, дүниенің жартысын жаулаған, атынан ат үркетін Ескендір Зұлқарнайынды (Александр Македонскийді) күл-парша етіп жеңгендер де сақтар ғой. Томирис, Зарина сынды асыл текті ханымдар мен Шырақ, Спитамен, Скунха сынды көсемдер мен елі үшін жанын құрбан еткен батырларымыздың ерлігін жазып таңбаның негізін салған адамдар, уақыт өте келе сақ заманынан кейін келген, Түрік қағанатының тәуелсіздігі үшін күрескен Білге, Тоныкөк, Күлтегін сынды тұлғалардың аттарын тасқа басқанының арқасында ешкім ешқашан да ұмытпақ емес. Барлығы дерлік бүгінгі күн үшін жандарын құрбан еткен еді. Қазақта: «Болатын ел тарихын тасқа басады, Болмайтын ел тарихын жаспен жазады»,-деп бекерге айтпаса керек. Себебі, қанша дәуір өтсе де, тарихты тасқа жазған ел бірде болмаса, бірде қайта жанданып, жаңарары сөзсіз. Егер де дәл сол халық болмаса да, тасқа басылған жазулары арқылы сондай халықтың бар болғанын біз қазіргі уақытта біліп отырғанымыз жасырын емес.

Одан кейінгі қазақ жерінде Оғыз дәуірі келіп жеткенде, ол уақытта қазақ жерінен өнер адамдарының аттары қазақ жерінде, тарихта аттары қалды десек болады. Себебі, қазіргі уақытқа дейін Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Ол жерде Қорқыт қобыздың атасы екенін дәлелдейтін арнайы аңыз да бар. «Қорқыт ата» жырының осы уақытта екі нұсқасы сақталған екен. Оның бірі Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын қолжазбасы болса, екіншісі Италияда яки Ежелгі Ватикандағы 6 жырдан тұратын қолжазбасы бар екені анықталған. Оны зерттей келе, ерте кездегі Оғыз дәуіріндегі әдебиетке жатқызған екен. Дәл сол жылдары да Қорқытпен бірге «Оғыз қаған» атты жырлар да таралған. Ол жырдың жазуы қазіргі уақыттағы ұйғыр әріпімен жазылған деген дерек бар. Сол ғасырға жатқызылған «Оғыз қаған» жыры да Париждегі кітапханада сақталып келген екен. Ол жырда хикаялардың жалпы саны қырықтан асады екен.

Неге мен өткен әдебиетке тоқталып отырмын? Себебі, жазу бар жерде әдебиет бар. Бұл дегеніміз адам баласының бастау саналатын жазу сызудың ұрпақ санасынан өшкен емес. Тек уақыт өткен сайын адамның қанындағы гендер мен ойындағы ойлар қайталанып тұрмаса, өшіп кететіні сияқты қазіргі адамдардың санасынан да ондай ақпараттар біртіндеп келместің кемесіне кетіп жатқаны да жасырын емес екені анық.

Таңбаның тарихын білсек біз неден ұта аламыз? Осы сұрақтарды бір уақ ойланып көрдік пе? Әрине, жоқ! Ол үшін ең бірінші кезекте, әлемнің тархиында ірі төңкерістің көкесі болатын еді. Себебі, жақсы дамыды деген Еуропаның өзі бірден жарқ етіп пайда болмағаны анықтайтын едік. Себебі, атты қолға үйрету де ең алғашқы кезде Қазақстан жерінде үйретілгенін де қазақ халқының тарихтағы орнын көрсетіп берді. Алайда ендігі кезекте адам баласының ілім мен білімге тартқан, оқу-ағарту жағынан да көш ілгері екенін ғалымдар дәлелдеп беретін еді. Екіншіден, әр қазақ өзінің арнайы рулық және тайпалық тарихын жүз пайызға болмаса да, кем дегенде тоқсан пайыздан аса білетін еді. Үшіншіден, дүниежүзі бойынша шет елдердегі қазақтарды ғана емес, барлық түркі дүниесінен хабардар болатын едік. Олардың тарихы мен салт-санасы, өмірге деген көзқарастарын да біле алатын едік. Одан бөлек сол замандардағы ақпарат тарартудың негізгі қайнар көзі қайда екенін, сол дәуірдегі ерекше назар аударған мәселелері де қандай болғандығынан хабардар бола алатын едік. Одан бөлек көшпенді өркениеттің нендей артықшылықтары мен кемшіліктері, көшудегі басты мақсаттарынан да хабардар бола алатын едік. Жалпы бұл руна немесе таңбаның тарихын білесек, бізге келетін пайданың тек бір ұшы ғана екенін естен шығармайық. Таңбаны біз кез келген мақсатта пайдалана алатын едік. Олардың қазіргі ақпарат заманында арнайы таңба тарихына назар аудармауы бір қызық көрінеді. Маған ол да арнайы бір саясат секілді көрінеді. Жалпы бұндай «құпиялық» жағдайлар қызығушылық тудырмай қоймасы анық. Неге? Себебі, ол арнайы бір жағдаяттарға немесе тарихи бұрмалаушылыққа байланысты болған шығар? Қазіргі уақытта Қазақстан КСРО-ның құрамында болған уақытта сондай бал-бал тастардың арнайы құрытылғандары жөнінде тарихшылар жиі сөз қозғап жүр. Бұл арнайы қазақ тарихына жасалған қастандық деп қарастырғанымыз десек болады. Ол былайша айтқанда бір мемлекеттің тарихын жоққа шығару десек болады.

Алайда қазақтың жері өз баласына жасырған қазынасын аянып қалмады. Қаншамасын құртып көзін жоюға тырысса да, барынша тарихи жаңалықтар ашылуын ешқашан да тоқталған емес. Себебі, қаншама адамдар қазақтың тарихын бұрмалап, оны жоюға күш салса да, Жер-ана да оларға соншама қарсылық көрсетіп, оған тойтарыс беріп отырды. Былайша айтқанда тарихи жарыс яки болмаса, тарих үшін болған арнайы текетірес десек болады. Себебі, бірі тарихты өшіруге, бірі тарихтың бар екенін мойындатуға тырысты. Жоғарыда сөз болған мақалдың арқасында қазақтың тарихын тасқа басуының арқасында тарихта ерекше халық екенін мойындатып қана қоймай, тарихтың ерекше озық  үлгісін көрсетті десек артық айтқандық емес.

Таңба – бұл тек қана арнайы бір ақпарат тарату үшін ғана емес, барынша бүкіл бір мемлекеттің тарихынан арнайы хабардар беретін маңызды құрал. Себебі, бірінің тарихы сол таңбаның бірінде ғана болуы мүмкін. Бірінің таңбасы жоғалса, бүтін бір мемлкеттің тарихы да жоғалды деген сөз. Тарихтан айырылған мемлекетте ешқашан мемлекет бола алмайды. Тарихты қолдан жасауға болатын шығар, алайда ол үшін тарихтың алдында ерекше жауап беретінімізді естен шығармауымыз керек. Сондықтан да барынша, таңбаны мейлінше дамытып, оны қорғап қалуға тырысуға тиістіміз. Адамдар ойдан барлығын да жасай алады, алайда уақыт өте келе сол жалған тарихты дәлелдейтін арнайы тарихи дәлелдер пайда болады да, адамның өзі сол жалғандық үшін барлығының алдында айыпты болып, жауап беруге міндеттеледі.

Қорытындылай келе, таңба бұл  тек қана бір құрал ғана емес, сол дәуірден хабар етуші, адамдарға ақпарат тараушы қолданыс заты екенін ұмытпауымыз керек. Енді не ісетемек керек? Барынша, руниканы дамытуға күш салуымыз керек. Оны қолдап, зерттеуге күш салсақ ертедегі қазақ халқының тарихындағы елеусіз қалған нәрселерді аша алуымыз мүмкін. Тарих жөніндегі білімімізді ерекше дамыта алатын болатын едік.

Жоғарыда аталған Алтын адам таңба жазуның бастауы ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның символы. Себебі, сақ заманынан бері арман еткен азаттық XX ғасырдың соңына қарай маңдайымызға тәуелсіздіктің таңы атты. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі болған алаңда 91 метрлік монуметтің төбесіне қанатты барыстың да үстінде Алтын адамның да тұрғаны бекерге болмаса керек-ті. Бұл бізге таңбаны еске түсіретін бірден бір тұлға болса, тарихы бұрмалаған адамдар жоғарыда атағандай уақыттың кеңістігінің алдында жауап бергені анық. Оған тарих та күә.

Амалбек Ибраймов

Сондықтан да, тарихтың алдында барынша таза, әрі адал болуға тырысумыз керек. Себебі, біздің осы бүгін жасаған қателіктеріміз үшін келер ұрпақ опық жемеуі керек. Қайта олар біздің жасаған қателіктерімізден сабақ алып, оларды барынша қайталамауы керек. Келер ұрпаққа, зерттелмей тұрған таңбаны зерттеп, барынша ақпаратты беруге тырысуымыз керек. Сонда олардың ары қарай дамуына да өз үлестерін қосатын ұрпақтар да дүниеге келер еді. Тарих саласын зерттеп жүрген немесе сол мамандықта оқитын студенттерге артып қою жарамайды. Барынша әр сала өз керегі үшін оны мейлінше зерттеуге күш салса игі болар еді.

 

 Алмабек Ибрайымов,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультетінің 3 курс студенті

 

 

Пікірлер