Жасанды интелект тәжвирусы әлі өршитінін болжап отыр

3908
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы тәжвирусы туралы 9 қаңтарда хабарлады.  Бұл вирус туралы АҚШ-тың ауру түрлерін бақылау және профилактика жасайтын орталықтары 6 қаңтарда мәлімдеген. Ал канадалық денсаулық мониторингін жасайтын платформа аталмыш вирус туралы болжамды 2019 жылдың   31 желтоқсанында болжап  айтқан.

BlueDot алгоритімі бағдарламасымен айналысатын компанияда қазір 40 дәрігер және IT саласының мамандары сараптамалық бағдарламалар жасайды. Олар  65 тілдегі барлық жаңалықтар мен ақпараттарды сүзгіден өткізеді. Барлық эпидемия тудыратын ауру түрлерін толықтай зерттеп, керек десеңіз әуе компанияларының адамдар мен жануарлар арасында болатын аурулар туралы хабарламаларын да електен өткізіп, база жасап отырады.  Аталмыш компания 2014 жылы 9,4 млн доллар көлемінде венчурлік қаржыландыру негізінде ашылған.

Сонымен жасанды интеллект эпидемияны қалай болжай алды? Біз  қандай да бір инфекцияның эпидемия тудыруы туралы алдымен ғалымдар дабыл қағатынын жиі айтамыз. Ғалымдардың пайымынша, климаттың жылуына байланысты безгек сияқты аурулардың жәндіктер арқылы суық аймақтарға да тарау қаупін тудырып отыр. Одан қалды мұздықтарда 15 мың жыл бұрын қатып қалған вирустар да оянуы мүмкін.

Ал осы жайттарды алдын-ала білу үшін Канадада ғалымдар жасанды интеллект басқаратын BlueDot алгоритмін пайдаланады. Алгоритм барлық жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі аурулар туралы барлық жаңалықтар, ресми мәлімдемелер мен мәліметтерді жинап, мониторинг жасай отырып, соның негізінде тиісті инастанцияларға ескертулер жасап отырады. Мысалы, Ухань қаласына бармау керектігін, жоғарыда айтқандай  канадалықтар алдын ала ерте хабарлаған.

Автоматтандырылған іріктеуден кейін алгоритмнің нәтижелерін эпидемиолог мамандар міндетті түрде тексереді және соның негізінде қорытынды есеп жасалады. Дайын ресми есеп АҚШ және Канада сияқты елдердің денсаулық сақтау органдарының басшыларына, әуе компанияларына және ауруханаларға жіберіледі. BlueDot алгоритмі Ухань қаласынан шыққан вирус алдымен Бангкокта, артынша Сеул, Тайбэй мен Токиода көрініс табатынын болжай алған.

Аталмыш бағдарламаның болжауынша,  вирустың Еуропада өршу қаупі басым. Францияда қазір  үш адам осы вирусты жұқтырған. Сондай-ақ, АҚШ-та бес адам, Канадада бір  адам, Австралияда 4 адам аталмыш вирусты жұқтырған.

Қазір Қытайдағы вирустың салдарынан бірқатар кәсіпорындардың да түсімі азайған. Әсіресе  Қытайдағы "Apple"  комапниясының орталығында осы вирус шыққалы бері түсім азая бастаған. "Apple"компаниясы америкалық  болғанмен, өз гаджеттерін Қытайда жасап шығарады. Аталмыш компанияда 10 мыңнан астам адам жұмыс істесе,  өнімді әлемнің түкпір-түкпіріне  таратумен 60 мың адам айналысады. Қытайдағы "Aplle" компанияcының  орталығы вирус ошағы саналатын Уханнан 500 шақырым жерде ғана орналасқан. Компания жұмысшыларының кейбірі Қытайдағы Жаңа жылда елдеріне қайтқан. Енді шекара жабық болғандықтан  олардың басым бөлігі қайтып жұмыстарына кірісе алмай отыр.

 

Пікірлер