Серік Сәпиев - жаңа қызметке үміткер

1043
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі қазақстандық спортшы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл ақпарат аймақтық спорт басқармалары басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды.

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, отырыс Астанада министр Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өтті. Онда Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылық қызметтеріне үміткерлер қаралды.

Комиссия Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы, боксшы Серік Сәпиевтің Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын мақұлдады. Ал Павлодар облысында бұл қызметті Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев басқарады.

Отырыста комиссия мүшелері үміткерлердің кәсіби тәжірибесі, өңірдегі спортты дамыту жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджменті саласындағы білімдері туралы сұрақтар қойды.

«Мемлекет басшысы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесу барысында өңірлер спорттың қандай түрлерін дамыту керектігін өздері шешіп жатқанына назар аударды. Осыған байланысты Президент үкіметке спорт саласындағы басқару вертикалін барлық деңгейде қайта қалпына келтіруді тапсырды. Енді облыстық спорт басқармаларының басшылық қызметтеріне кандидаттарды Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссия бекітеді», – деді Ербол Мырзабосынов.

Кандидатураларды әкімдіктер ұсынады. Министрлік жанындағы комиссияның оң қорытындысын алғандар ғана тағайындалады.

Пікірлер