Филиппин вице-президенті президентке қастандық жасауға киллер жалдағанын мойындады

1114
Adyrna.kz Telegram

Филиппин вице-президенті Сара Дутерте ел президенті Фердинанд Маркосқа қастандық жасауға киллер жалдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы CBS News-ке сілтеме жасап. 

Сара Дутерте президентті, оның жұбайын және Өкілдер палатасының спикерін өлтіру үшін киллер жалдағанын айтып, "бұл әзіл емес" деп қосты.

Президенттің қауіпсіздік қызметі Маркос пен оның отбасының қауіпсіздігін күшейтті. Вице-президенттің бұл мәлімдемесі ұлттық қауіпсіздікке қауіп ретінде бағаланды.

Дутерте мен Маркос 2022 жылғы президент сайлауында бір командада жеңіске жеткенімен, кейін саяси келіспеушіліктерге байланысты аралары суып кеткен. Сара Дутерте Маркос пен оның жақтастарын сыбайлас жемқорлыққа, саяси қудалауға және өз жақтастарына қысым көрсетуге айыптады.

Қақтығыс Өкілдер палатасының Дутертенің әкімшілігін тексеру мақсатында оның басшысы Зулейка Лопесті қамауға алуынан кейін ушыға түсті. Лопеске қарсы тергеу бюджеттің дұрыс пайдаланылмауы туралы күдікпен басталған еді.

Сара Дутерте Маркосты "біліксіз" деп атап, оның әйелі мен спикерді "әдепсіз сөздер қолданды" деп айыптады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер