«Ақпарат заман ұшқырлығымен ұштасқанда
ғана үлгілі ақпарат бола алады»
Ж. Әбдіжәділқызы
(Шеберлік сағатындағы сәттен...)
Тележурналистика- камера алдында бой түзеп, халыққа ұтымды ой айта білу. Ал журналист- осы ұтымды ойды саралап, бағамдап, мәселені жаңалық түрінде жеткізетін маман. Кез- келген отандық немесе шетелдік арналарда әр бағдарламаның өз жүргізушісі болады. Ол журналисттер күнделікті ел арасында болып жатқан жағымды немесе керісінше жағымсыз жаңалықтарды теледидарға шығарып шындықты көрсетеді.
Міне, осындай шындықты, әділдікті жақтайтын, қашанда ақты- ақ, қараны- қара деп бағалайтын журналисттер қоғамда өз бағасын алады, белгілі дәрежеде беделге ие болады. Бұл журналисттердің бойынан табылуы қажет ең басты қасиет.
Сіз отандық телеарналардағы журналисттерді танисыз ба? Қандай телеарналарды жиі көресіз деген сұрақтар аясында Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ортақшыл ауылының "№150 қазақ орта мектебі" КММ- де басшылар, мүғалімдер, кіші қызметкерлер, ауыл тұрғындары мен оқушылар арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнама нәтижесінде мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындарының басым көпшілігінің ойынан шығатын "Евразия 1" арнасы болды. Олар онда көбінде жаңалықтар қызметі мен реалити- шоу бағдарламаларын жиі көреді екен. Атап айтсақ "Жаңалықтар" қызметі, "Qalaýym LIVE" атты бағдарламалар легінің тұрақты көрермендері. "Жаңалықтар" қызметінің халыққа берер пайдасы орасан зор. Себебі ел арасындағы ең өзекті мәлелелер мен жаңалықтардан хабардар болып отырады. Өздеріне пайдалысын алып, қажетті мәліметтерін көре алады. Ал "Qalaýym LIVE" реалити- шоуы ауыл тұрғындары арасында ерекше қызығушылық тудырып отырған бағдарлама. Ал отандық тележурналисттерден көпшілігі Дана Нұржігіт, Мейіржан Әлібекұлы, Нартай Аралбайұлы, Ерқанат Көпжасар, Абай Түзелбай сынды журналисттерді, тележүргізушілерден Асаубек Айымбет, Гүлназия Жалғасқызын ерекше атап өтті. Бұл тележурналисттер отандық телеарналарда ерекше қолтаңбаларымен танылып, халық жүрегінен ерекше орын тапқан жандар. Содан болса керек, журналист десе осы тұлғалардың есімі- есімізге ерте келері анық.
Тележурналистика қазіргі таңда қоғам үшін қаншалықты қажет?
Тележурналистика- ақпаратпен танысып, оны жүйелі түрде халыққа орынды жеткізу. Аудиторияға дәйекті ақпаратты көзбен көргендей етіп жеткізетін көгілдір экран күллі адамзат үшін аса маңызды идеологиялық құрал. Жер бетіндегі барша жаңалықтар журналисттер арқылы тарап, хабарланады. Ақпаратты елге жеткізудегі журналисттердің тапқырлығы, дәйекті шынайылықпен ұсынуы, көркем тілмен көмкеріп, өңдеп, тарату тележурналисттен терең білімділікті, кәсіби шеберлікті талап етеді.
Ақпарат ғасырындағы ақпараттық технологияның даму қарқыны көз ілеспес шапшаңдықпен жүзеге асатындығына куә болып отырмыз..Міне, меніңде осы салаға аяқ басуымның бірден- бір себебі ақпарат деген алып мұхиттың тылсым құпиясын ашуға деген құштарлықта жатса керек.
Қазіргі телеарналар арқылы ел тек жаңалықтарды ғана көріп қоймай, олардан ой түйіп, тәлім тәрбие алу керек. Мұның ел үшін пайдасы зор, өйткені ондағы айтылған әрбір сөздер адамдарды мұқият тыңдауға незізделсе сөздердің көркемдік ерекшелігі тыңдаушының сөз қадірін түсінуге, сөздік қорын байытуға бағытталған. Телеарналардың осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары көкейге қонарлық деңгейде емес. Демек, тележүргізушілерге де осы бағытты тиянақты жеткізу үшін аздаған жүйелер жетіспеуі мүмкін. Мәселен кейбір жаңалықтар қызметін жүргізушілер және журналисттер мәліметті айту үстінде қателесіп, кешірім сұрайтын кездер кездеседі, тіпті кешірім сұрамай қате қалпында айтып кете беретіндері бар. Халықтың наразылығын тудыратын мәселелердің бірі осында екені рас. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жүргізушілерді ең алдымен бағдарламалық тапсырмалармен жеткілікті түрде сынау керек деп есептеймін. Кейбір осындай кемшілік жіберетін тележурналисттерге күн сайын, әрдайым, эфир алдында міндетті түрде машықтану қажет деп ойлаймын.
Болашақта халыққа қажет және жоғары деңгейлі журналист болу үшін қазірден бастан оқу орындарындағы арнайы курстардан өтіп, жазу ісінің үлгісін үйреніп, дұрыс сөйлеудің қыр сырларын меңгеріп, телекелбетті қалай дұрыс жасау керек екенін білген дұрыс.
Келешекте тележурналист болуды армандайтын талапкерлерге айтарым: білім, ізденіс, талпыныс, жігер, шындықтан таймау, ең бастысы сол саланы жанымен сүю парыз!
Ердәулет Қалиев
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы,
Ортақшыл ауылының
№150 қазақ орта мектебінің
11 сынып оқушысы
Ғылыми- жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы