Гүлназ Раздықова: « Жусан» бойынша біз  экстремизм ремиссиясына қол жеткіздік, қорытынды жасауға әлі ерте

3891
Adyrna.kz Telegram

«Жусан»  операциясы барысында Сириядағы ұрыс қимылдарынан оралған әйелдердің санасында қандай өзгерістер болды, олар радикалдық идеологиядан бас тартты ма, біз осы жайында Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Раздыковамен әңгімелестік.

- Құрметті Гүлназ Мақсұтқызы, психолог-маман ретінде сіз «Жусан» операциясы барысында  елге оралған   әйелдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайсыз. 6 айдан астам уақыт өтті, олар Отанына оралды. Сіз қазір олардың жағдайын қалай бағалайсыз?

- Бүгінгі күні біз тек радикализм ремиссиясына қол жеткіздік, яғни әйелдер тек қана радикалды нәрседен, қандай да бір нақты оқиғаларды бағалаудан бас тартты, мысалы, Таяу Шығыстағы соғыстың  себептері немесе джихад, "даруль-куфр", "такфир", "кафир", "тагут" және т.б. сияқты ұғымдардан бас тартты. Негізінен сол жаққа кетудің дұрыс болмағанын айтады. Дегенмен де, олардың көпшілігі радикалдық идеологияларының базалық принциптерінде қалуда.

Жағдай әлеуметтік-психологиялық және когнитивті сипаттағы кейбір елеулі факторлардың болуымен күрделене түседі. Мен үшін психолог ретінде, оларды сәтті оңалтудың ең маңызды критерийі - олар өз уақытында экстремизмге әкелген мінез-құлық паттерлерін таңдай бастайды. Бірақ, өкінішке орай, мұндай кейстерді  қағидадан гөрі  ерекшелік деп санауға болатын шығар.

- Әйелдер бүгінгі күні толығымен радикалсыздандырылған және қоғам үшін қауіп төндірмейді деп айтуға бола ма?

- Нәтижелер туралы айту әлі ерте, себебі бұл әйелдерді оңалту жұмыстары әлі жалғасуда. Менің әріптестерімнің ешқайсысы да осы жұмыстың түпкілікті қорытындысын бере алмайды деп ойлаймын. Біз психологтар ретінде, толық оңалту туралы айта алмаймыз, өйткені кез келген жағдайда олардың санасы мен психикасына жарақат салатын әсер бар. Психологиялық жарақаттың  үш түрі бар, бұл даму жарақаттары немесе балалық шақтың жарақаттары, ауғандық немесе ирак синдромы және эмоциялық психологиялық жарақат.(Ситуативті). Біздің әйелдер үлкен психологиялық жарақатты  бастан кешірді. Ақтаудағы қыздармен психолог ретінде жұмыс істей отырып, мен оларға Сирия туралы естеліктер олардың жадында өшіп, түссізденуі керек деп айтқан болатын. Бірақ бастан өткен осы жайды  ұмытуға болмайды, өйткені  олар осыдан сабақ алулары керек.  Алайда, өткенмен  шектелуге болмайды, себебі олардың қолында балалар бар және  оларды тәрбиелеумен белсенді айналысу керек. Соңғы уақытта қыздарға Сирия туралы еске алу сонша жайлы  емес екенін байқай бастадым , мүмкін психологиялық қорғау тетіктері енгізіле бастаған  шығар.  Шоктық психологиялық жарақатпен жасалатын  жұмыс - бұл ұзақ  уақытты және еңбектенуді қажет ететін процесс.

- Әйелдердің Сирияға кетуінің себептері туралы айтып берсеңіз.

- Негізінен, адамдар өз арманының соңынан кетіп, халифатта өмір сүреді және бұл идея олардың өмірінің деструктивті мағынасы болды.

ИГИЛ феноменінің өзі-бұл әлеуметтік проблемаларға, эмоциялық осалдыққа, діни сауатсыздыққа және экстремистердің жеке проблемаларына шебер қол жеткізген франшиза. Әйелдердің психологиялық  тарту тетіктері әлдеқайда тиімді болды.  Әйелдерді пайдаланудың нәтижелілік тұрғысынан өз мағынасы бар. Экстремистер қоғамдық стигма   әйел әлсіз, қорғансыз, қауіпті емес екенін біледі.  Демек, оған аз көңіл бөлінеді. Дегенмен, әйелдердің қатысуымен  болған ірі лаңкестік оқиғалардың тарихын қарасақ,  әйелдермен ешқандай келіссөздер процесі туралы сөздің болмайтындығын көреміз. Екіншіден, әйелдер ерлерге қарағанда  меркантильді. Демек, бұл терроризмнің арзан тәсілі. Оған ақы төлеу қажет емес, оны өзіне ғашық етуге немесе туған адам үшін кек алуға сендіру жеткілікті.

 

Соғыс іс-қимыл аумағына кеткен әйелдерді шартты түрде төрт топқа бөлуге болады. Бірінші топ-Сирияға өз күйеулеріне кеткен әйелдер, оларды күйеулері  шақырған.  Екінші топ -  өз еріктерімен ер адамдарсыз  балаларымен кеткендер.   Сондай-ақ, әйелдер өздерінің күйеулерін тастап, Сирия аумағына өз еркімен сыртқы әсерсіз кеткен кейстер бар. Үшінші санат-соғыс кезінде Таяу Шығыс аумағында болған әйелдер, Вазиристан, Ирактағы ұрыс қимылдарының аумағында тұру тәжірибесі болғандар. Олар  террористерге қосылған. Төртінші шағын  топ - діншіл емес әйелдер. Дегенмен, Сирия аумағында өзінің діни тәжірибесін бастаған әйелдер бар. Олардың кейбіреулеріне «Дағыстан әуесқойының синдромы» тән. Бұл әйел-дер махаббат, романтикалық қарым-қатынас, отбасын құруды  және т. б. іздеп кетті.

- Ал олардың реинтеграциясының табысты кейстері бар ма?

- Өзінің ауырғыштығына  қарамастан, симптомдар индивидтің әлеуметтік рөлдеріне оң өзгерістер енгізе алатынын түсіну маңызды, жоғарыда атап өткендей, кейбір әйелдер мотивация көзі ретінде оның уайымдау тәжірибесін пайдалана отырып, жарақатқа оң бейімделуге ие. Мысалы, Атыраудан келген қыз кітап жазып, белсенді қоғамдық жұмыс жүргізе бастады. Кейбір қыздар аутрич-қызметкерлер болды,олар телебағдарламаларға, басқа әйелдерді радикалсыздандыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға белсенді қатысады. Кейбір қыздар бизнес - жобаларды ашуға грант алу үшін конкурстарды жеңіп алды.

- Қандай әйелдерді оңалту қиын?

- Ең бастысы бізді, әрине, өзін-өзі радикалдандыруға бейім әйелдермен жұмыс істеу алаңдатады. Бұл ізгі еркі бойынша кеткендер немесе теологиялық білімі аз әйелдер. Сирия аумағында мұғалімдер болған адамдар акида курстарын оқытты.  Сондай-ақ, деформация процесі қайтымсыз әсер ететін әйелдер бар. Міне, осы әйелдер ерекше алаңдаушылық пен қауіп тудырады және оларды оңалту ең күрделі жұмыс болып табылады.

Менің әйелдермен жұмыс істеу тәжірибем, олардың теріс тәжірибені «сақтау», агрессия, дереализация, депрессия, шаршау, деперсонализация, жарақатқа байланысты ой-пікірлерді, сезімдерді немесе сөйлесулерді болдырмау сияқты жарақаттан кейінгі синдромның барлық белгілері бар екенін растайды. «Тірі қалғандардың кінәсі» деп аталатын өмір сүргені туралы ауыр сезімдер, сондай-ақ әйелдер арасында байқалады, әсіресе өз балаларының өмірін сақтай алмаған адамдар әлі күнге дейін қайтыс болған күйеулерімен күшті эмоциялық байланысты сақтайды.

- Қайта оралған әйелдердің арасында, қауіпті, харизматикалық уағыздаушылар бар ма?

- Мұндай харизматикалық көшбасшы әйелдерді көрмедім, кездестірген жоқпын. Мен олармен жұмыс істемеймін, бірақ олардың арасында  қатарларына белсенді тартумен айналысатын әйелдер бар деп ойлаймын. Бүгінгі таңда бес әйел Сирия аумағындағы қызметі үшін жазасын өтеп жатыр. Көбі сот шешімін күтуде,  тергеуде отыр.

Қазір біздің міндетіміз-оларға адасудан бас тартуға, осы радикалды матрицаны олардың ақылынан алып шығуға көмектесу. Бұл өте қиын. Қазір ремиссия кезеңі басталды, бірақ тұрақты әсерге қол жеткізу үшін біріншіден, уақыт керек, екіншіден, мамандардың жергілікті жерлерде күш-жігері қажет. Бұл жерде тек психологтар, теологтар ғана емес, сонымен қатар олардың айналасындағы барлық адамдар жұмыс істеуі тиіс, яғни әсер етудің барлық тетіктері қосылуы керек.

- «Жусандық» әйелдердің екінші рет радикалдану қауіптілігі жоқ па?

- Егер олар қайта радикалды ортаға түссе, қайтарылған әйелдер үшін қайталама радикалдану қаупі бар екенін мойындау керек. Мысалы, егер қайтадан радикал салафитке тұрмысқа шықса. Әрине, егер қыздар дәстүрлі дінді ұстанушыларға тұрмысқа шықса, тамаша болушы еді.

Қазір қыздарды оңалту үш бағыт бойынша жүргізілуде. Бірінші топ – олар діни практикадан мүлдем бас тартқан қыздар,хиджабтарын шешім, зайырлы өмір сүруде. Екінші топ -  Абу Ханифа мазхабын қабылдаған  қыздар, олар мешіт ұстаздарымен бірге намазды сенімді оқиды,теологтан дәріс алады.  Және үшінші топ-бұл акидесалафизмде қалатын ішінара радикалды әйелдер. Міне, бұл жұмыс жан-жақты бағытталуы тиіс негізгі топ болып табылады. Барлық әйел оларды оңалту, олардың сәтті реинтеграциясы, олардың қоғамда бейімделуі өз  қолында екенін түсінуі тиіс.

Әрине, жергілікті Оңалту орталықтары әйелдерді біздің қоғамға бейімдеуде амортизациялық рөл атқарды. Егер Сириядан кейін әйелдер Ақтаудағы оңалту бағдарламасына  бармаса,  онда олардың туыстарымен проблемалар көп болар еді. Әйелдер санасының ішіндегі менталдық өзгерістер десалафитизация емес, деталадизацияның табысты белгісі болып табылады. Қыздар енді түсінеді, себебі олардың Сирияға кетуінің себебі   -  салафизм, бірақ біз  әлі де осы  қауіпті идеологияның күшін толық жоя алмай отырмыз.

- Қазір әйелдер өздерін қалай сезінеді, сендерге, апа-қарындастарына сенім бойынша не туралы айтады?

- Көптеген әйелдер әлі күнге дейін үйіне қайтып келгендері үшін алғыс айтады. Олар қазір туған жерінде жүргендері үшін  бақытты. Олардың жанында туған адамдары мен олардың балалары толық қауіпсіздікте  екендігі қуантады.  Енді олар қате жасағанын түсінеді. Олар жұмыс істеуге, балаларды оқытуға және т.б. үйретуге барлық жағдай жасайтын мемлекетке алғысын білдіреді. Теледидардан сөйлегенде қыздар өз әпке-сіңлілерін олардың қателіктерін қайталамауға шақырады. ИГИЛ алдап-арбайтын, күнәсіз адамдардың қанын төгетін ұйым екенін айтады.  Олар қателіктері үшін  күйеуін, құрбысын жоғалтты, тіпті өз балаларының өлімін бастан кешірді. Әрине, қыздар енді тағдырлары өз қолдарында екендігін түсінулері керек. Бірақ біз Сізбен бірге оларға және олардың балаларына шыдамдылық танытуымыз керек, оларға қолдау көрсетіп, қол ұшын созуымыз керек.Соғыс іс-қимылдары болып жатқан әйелдердің қайтуы   «Таза ислам»  мемлекетіне баруды армандайтындарға  сабақ болады ден үміттенемін. «Жусанның» ащы иісі Қазақстанды   Қазақстанды экстремизм мен терроризм идеяларынан тазартсын...

Сұхбаттасқан Айгүл Эсеналиева

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер