Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында ИГИЛ террористерінің Ауғанстанда күшеюі мен нығаюына қатысты көптеген ақпараттар жарияланды. Бұл террорлық ұйымның Орталық Азияда пайда болатыны, осы аймақтың қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні және бұл қақтығыс кімге керектігі туралы CA-IrNews-ке берген сұхбатында сарапшы Фикрет Шабанов айтты.
Сақалды содырлар ма? Әлде, кәсіби мамандар тобы ма?
ИГИЛДі – білімсіз, діннің жетегінде кеткен қараңғы топ деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Олардың көпшілігі жоғары сапалы әскери тәжірибелі адамдар. Ирак пен Сирияның жүйелі, күшті және орталықтандырылған әскерлеріне қарсы соғысы олардың нақты мүмкіндіктерін көрсетті. ИГИЛ-дік жедел және жылдам қимылдайтын жауынгерлер осы елдердің кәсіби армиясы мен арнайы күштерін бұйым құрлы көрмеді. Үнемі соғыс өртінде жүрген Ирактың және Сирияның қарулы күштерімен салыстырғанда, мұрнына оқ-дәрінің иісі бармаған Қазақстан мен Өзбекстанның әскерлері бұл террористік топ үшін қатты қиындық тудырмайды. Тәжікстан мен Қырғызстан туралы айтпаса да болады. Мұндай қарама-қайшылықпен Орталық Азияның әскери күштерін сынап көруге бұл террористік топқа шамамен 15-30 күн жеткілікті.
Таяу Шығыстағы оқиғалар террористерге қару тапшылығына байланысты ещқандай кедергілер жоқ екенін көрсетті. Оларда қаруды тасымалдау мен таратуда ешқандай мәселелер болмады. «Қара базардан» сатып алынған бөлігін қосппағанда қарудың көп бөлігі жобаның демеушілерінен келеді.
Ауғанстандағы бұл содырларды таулы жерлер мен тауға жақын қалаларда қару-жарақпен және техникамен қолдау сөзсіз болады. Оған күмәніңіз болмасын.
ИГИЛ-дің артында кім тұр және содырлар қайда кетті?
«Үлкен Таяу Шығыс» және «Үлкен Ауғанстан» жобасының ұйымдастырушылары үшін ИГИЛ террористік ұйымы әлемде, сондай-ақ Шығыс пен Азияда болып жатқан процестерге әсер етудің тұтқасы болып табылады. Қазіргі уақытта ИГИЛ Ресейдің осы аймақтарды (Сирия, Иран мен Түркиямен серіктестікті) қалпына келтіруіне және нығайтуына, сондай-ақ Қытайдың Орталық Азиядағы қаржылық «басқыншылығын» жою үшін әрекет ететін болады.
ИГИЛ-дің болашақтағы маршруты жаңа жобалар мен жаңа мемлекеттерге негізделген. Егер Американдық арнайы қызметтердің болжам есептеріне сүйенсек, осы террористік топтың туы астында 350-400 мың содыр әскери әрекеттерге қатысқан. Олардың қаза тапқаны мен тұтқынға алынғанын есептесек, шығындары тек 70-80 мыңға жетті. Сонда логикалық сұрақ туындайды: «қалған жауынгерлер қайда?» Ал, қалғаны 300 мыңнан астам адам.
Жауап өте қарапайым. ИГИЛ-дің негізгі құрамы әртүрлі елдерден, оның ішінде батыс елдерінен, яғни, ақша үшін жалданған жанкештілерден тұрады. Сонымен қатар, Орталық Азия, Кавказ және басқа елдерден келген лаңкестердің діни немесе этникалық насихатына «тартылған», «зардап шеккен» бөлігі бар. Аймақтағы ислам мен түркітілдес елдерде дін атымен жұмыс істеу өте оңай. Сондықтан «жалдаушылар» өздерінің «жалданушы» құрбандарына оңай әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, ИГИЛ-дің негізі басты міндет - Таяу Шығыстың және Ауғанстанның Үлкен Ауғанстан жобасын реформалау - аймақтағы елдердің өкілеттіктерін орталықсыздандыру және бөлшектеу, сондай-ақ Иран мен Ресейге қарсы жобаға басты шабуыл жасау, сыртқы саясаттағы саясатты жүзеге асыру. Бұл Мега-Жоба болып табылады.
Ауғанстан Орталық Азияның бас ауруына айнала ма?
Ресми түрде, Ауғанстандағы ИГИЛ содырларының болуы екі елмен танылған. Бұл туралы Иран президенті Хасан Рухани мен Ресей Федерациясы арнайы қызметінің жоғары лауазымды тұлғалары жиі мәлімдеме жасайды.
Лаңкестерді сыртқы модераторлар бақылап отырады. Олардың басты жұмысы мегажобаларды жүзеге асыру үшін кедергі болатын мемлекеттер мен сол елдерді орталықсыздандыру. Мысалы, ИГИЛ-дің қазіргі белсенді қимылдары түрік және иран бағыттарында болып жатқандығы бұл сөзімізді дәлелдейді. Қазір содырлар Ауғанстанның бақылаусыз аумақтарында емін-еркін жүр. Сондай-ақ халқы екі бөлікке бөлінген Иранмен шектесетін Балучистан мен Пәкістанның көршілес аумақтарында жүріп жатыр. Ресей мен Иран лаңкестік топ деп таныған бұлардың негізгі қызметі Орталық Азия аумағына одан әрі ену жоспарын дайындау және дамыту болып табылады. Ұйымның мақсаты - кем дегенде Ресейге соққы беру және Қытайдың батыс аймақтарын мұсылман және түрік жалаулары бойынша барынша орталықсыздандыру. Бұл дегеніміз автономияларға бөлу.
Қолдау базаларын құру, әскери-техникалық көмек беру және Орталық Азиядан ұйымға адамдарды тарту үшін уақыт қажет. Бұл соңғы уақыттарда ИГИЛ-дің аймақтағы негізгі қызметіне айналды. Жаһандық саяси, қаржылық және экономикалық орталықтарға, сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы елдерге қарулы адамдарын кіргізуді қамтамасыз ету мақсатында жоспарлар әзірлеуде.
Орталық Азиядағы ИГИЛ – дің көздегені кім?
Ресей мен Иран лаңкестер үшін басты нысана. Бұл екі ел «Үлкен Ауғанстан» және «Ұлы Таяу Шығыстың» шетелдік дирижерларының жоспарларын жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Сондықтан Ресейге соққы екі жағынан да болады: Ауғанстан, Орталық Азия, Кавказ және Иран. Сондықтан Ресейге соққы екі жағынан да болады: Ауғанстан, Орталық Азия, Кавказ және Иран. Мәскеу бұл өзгерістерге дайындық үстінде, сондықтан Қорғаныс министрлігінде Кавказ бағытындағы құрлық әскері, теңіз флоты, барлау бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді. Сонымен бірге Орталық Азия мен Ресей Федерациясының аймақтағы ұлттық қарулы күштері қатаң жаттығуда.
Бұған қоса, Иран мен Ресей ИГИЛ-ге қарсы күресте өздерінің әрекеттерін үйлестіреді және тағы бір ислам ұйымымен - «Талибанмен» жұмыс істейді. Яғни, олар Талибан мен ИГИЛ арасындағы қайшылықтарды тереңдету үшін, талибандықтармен жасырын түрде келісіп, қаржыландырып, әскери техникамен қамтамасыз етеді. Біз Иран мен Ресей Федерациясының Ауғанстаннан террорлық қатердің болмауы үшін олар терроризмге қарсы шараларды ұйымдастыратынын да ұмытпайық.
«Орталық Азияға қатысты, бірнеше жыл бұрын берген сұхбатымда, біз жалпы бағыттар туралы әңгімелестік. Енді бұл бағыттар жалпыға ортақ ғана емес, олар айқынырақ бола бастады. Тиісінше бұл жоспарлар өзгерген жоқ. Керісінше, жоспар да, ауқымы да дами бастады. Біз сол кезде ең әлсіз бағыт Тәжікстан мен Қырғызстан екенін айтқан болатынбыз, Алайда бүгінгі күні Қазақстан мен Өзбекстанды да орталықсыздандыру үдерістері күшейе түсуде. Экономикалық ахуалдың нашарлауы және кедейліктің артуы жергілікті халықты террористік ұйымдардың қатарына қосу процестерінің «табыстылығына» әкеп соғады. Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан немесе Қырғызстан халқының экономикалық жағдайы қиындап, билік шарасыз болған жағдайда, мемлекет орталықсыздандырылады », - дейді сарапшы.
Осы елдердегі экономикалық жағдайдың нашарлауы сыртқы ойыншылармен модельденеді және бұл процесс біртіндеп осыған әкелуі керек. Экономикалық «өзгерістен» кейін, елдер бөлінеді, жергілікті элита адамдарды «ұлттық пәтерлерде» тартып алады, билік үшін күрес басталады және ислам, плюс түрік ұйымдары әрекеттері осы оқиғаларға ықпал етуге және елдерге ену үшін күшейе түседі. Одан әрі экстремистер Ресей Федерациясы мен Қытай бағытында қозғалады.
Жеңіске немесе жоспарға
Таяу Шығыста ИГИЛ жеңіліске ұшырамаған. Шындығында, ешкім жеңіске жете алмады. Мысалы, Сауд Арабиясы қолдаған топтар бұрынғыша аймақта тұр, олар әлі де әрекетін жалғастыруда. Бірақ Үлкен Таяу Шығыстық жобаны жүзеге асыратын шетелдік модераторлар өз күштерін аймақтан шығарып тастады. Бұрынғы террористер Германияда, Түркияда, Латын Америкасында, Орталық Азияда және т.б. елдерде қалыпты өміріне оралды. Олар институттарда, мектептерде, компанияларда жұмыс істейді, бірақ шын мәнісінде олар ұялы жасушалар болып табылады және басшыларының тапсырмасын күтуде.
Ресей Орта Азия аймағында әскери тұрғыда күшейіп келеді - және Орталық Азия елдері бұны қаламаса да, бұған қарсы тұра алмайды. Елдің қауіпсіздік жүйелері өте жақсы интеграцияланған. Мысалы, қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының барлық қылмыстары мен оқиғалары жазылып, қылмыскерлерді жылдам табуға мүмкіндік беретін бірыңғай базасы бар.
Кремль Орталық Азияны ешқашанда уысынан шығармайды. Мәскеуді бұл бағытта ештеңеде тоқтата алмайды және бұны бәрі біліп отыр. Сондықтан шетелдік қуыршақтар Ресейге тек қарулы күшпен ғана күресуге шешім қабылдады. Нәтижесінде, күдікті немесе террористік шабуылдарды ұйымдастыруға тырысқандарды, экстремистердің көбін ресей арнайы қызметі тұтқындады.
Жоғарыда аталып өткендей, террорлық топтар Ресей Федерациясының шекаралары мен әскери дайындығының өте күшті екенін түсініп отыр. Сондықтан Ресей аумағында әлеуметтік шиеленістерді қалыптастыру үшін мемлекеттің ішкі әлеуметімен жұмыс істейтді.
Орталық Азияның билеушілері Тозақты жақсы көреді
Тұтастай алғанда, әлемді қайта бөлу жүріп жатыр және жаңа әлемдік тәртіп орнайды. Енді кішігірім немесе карлик-мемлекеттер жаһандық модераторлар тарапынан бақыланатын болады және оларға терминдерді белгілейді. Кез келген жағдайда, бұл жобаларды іске асыру ештеңені тоқтатпайды, ал Орталық Азия елдері соққының астында қалады. Орталық Азияның билеушілерінде кішігірім таңдау бар. Олардың бірі Сирия мен Ирактағыдай тозақ орнату. «Менің ойымша, олар тозақты таңдайды, себебі бұл процесс елден миллиардтаған долларды ұрлауға мүмкіндік береді, сондықтан ешкімнен ештеңе сұралмайды», - дейді Фикрет Шабанов.
Аймақ елдеріндегі халықтың ауыр жағдайы, кедейліктің артуы террористер мен экстремистерді көбейтпесе азайтпай тұр. Бірақ оған қарсы күресу үшін билеушілер ұрлықты тоқтатып, мемлекеттік саясаттың нақты демократиялық негіздерін құруы керек. Алайда, бұл мүмкін емес, өйткені халықтың әл-ауқатының артуы мемлекеттен ұрлау мүмкіндігін азайтады. Бұдан басқа, барлық Орталық Азия үкіметтері басқа мемлекеттердің мүдделеріне қызмет етеді. Себебі, билігі мен капиталын және өмірлерін сақтап қалу үшін.
Аударған Оңғар Қабден
"Адырна" ұлттық порталы
Автордың пікірі жарияланымның редакциялық саясатымен сәйкес келмеуі мүмкін.