«Ақ жол»: ДДҰ мақұлдаған вакциналар халыққа қолжетімді болуы керек

268

Мәжіліс депутаты Ғ.Хамзин жолдады.

ҚР Денсаулық сақтау министріне

       2021 жылғы 29 қыркүйектегі депутаттық сауалда «Ақ жол» фракциясы халықаралық деңгейде танылған вакциналардың жеткілікті санын, оның ішінде шетелге шығуды жоспарлап отырған көптеген адамдар, әсіресе студенттер, бизнесмендер және басқа да қазақстандықтар үшін ақылы негізде Pfizer вакциналарын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Бүгінгі таңда Қазақстанда Спутник-V, Qazvac және Sinopharm және қазақстандықтардың кейбір санаттары үшін Pfizer препараттарымен вакцинациялау қолжетімді. Олардың ішінде тек Sinopharm және Pfizer ДДҰ-мен мақұлданған.

16 қарашада Қазақстан халқын ерікті түрде ақылы негізде вакцинациялау үшін коммерциялық нарықта Covid-19 Comirnaty Pfizer вакцинасын сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы қолдау тапты. Алайда, бүгінгі күні бұл препаратпен ақылы негізде вакцинациялау әлі басталған жоқ.

Өткен жылдың 11 қазанындағы «Үкімет сағатында» бұрыңғы Денсаулық сақтау министрі Цой, Sinopharm компаниясының Verocell вакцинасының елдің барлық аймақтарында болуы туралы айтты. Бүгінгі таңда Sinopharm көптеген ауруханаларда жоқ екендігі туралы ақпарат бар, бұл оның жетіспеушілігін көрсетеді.

Бүкіл әлемде және Қазақстанда коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты, атап айтқанда, халықты вакцинациялаумен байланысты проблемалар ерекше өткір болып тұр. Біздің азаматтарымыз өз елінде болған кезде оларды ДДҰ мақұлдаған препаратпен вакцинацияла мүмкіндігі жоқ жағдайға тап болып отыр. Бұл үлкен қиындықтар туғызады. Мәселен, оқу бағдарламасы ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында басталатын Болашақ бағдарламасының студент-стипендиаттары ақылы Пфайзерді күте алмай, вакцина алу үшін көрші елдерге баруға мәжбүр. Олардың ішінде ең танымал бағыттар - Қырғызстан мен Өзбекстан.

Ақылы Pfizer-ді қайта вакцинациялағысы келетін қазақстандықтарды  есепке алғанда, бүкіл ел күтіп отыр. Мәселен, елорда, Алматы, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары өз өңірлерінде ревакцинация үшін тек Qazvac ғана қолжетімді деп шағымданады. Көптеген адамдар Пфайзерге ақы төлеуге мүмкіндігі бар, бірақ олар белгісіз мерзімде күтуге мәжбүр. Осы уақытқа дейін ақылы негізде Pfizer вакцинациясының нақты басталу күні еш жерде жарияланған жоқ. Бұл адамдардың жоспарларын бұзады, олар Денсаулық сақтау министрлігінің барлық бастамаларына теріс көзқарас қалыптастырады. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша қайта вакцинациялау қажет дәрігер жұмыста үнемі күйзеліске ұшырайды және Pfizer-ді күту кезінде өміріне қауіп төндіреді. Оның үстіне, өткен жылдың мамыр айында жеткізу мерзімі үзілген болатын. Еуропаға ұшуды қажет ететін кәсіпкерлер ДДҰ мақұлдаған вакциналарды алу қиындықтарына байланысты ұшуды кейінге қалдыруда. Денсаулық сақтау министрлігі бұл адамдарды өз проблемаларымен бетпе-бет жалғыз қалдырды.

Бұл мәселені Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы аккредиттеген жағдайда, отандық QazVac препараты шеше алар еді. 2021 жылдың шілдесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді жеделдетуді тапсырды. Әзірге бұл бағытта алға жылжу туралы жеткілікті ақпарат жоқ.

Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы мыналарды ұсынады:

1. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын, шетелдік әріптестермен іскерлік келіссөздер жүргізу үшін шетелге шығатын кәсіпкерлерді және басқа да ниет білдірген азаматтарды, қажет болған жағдайда, ақылы негізде халықаралық танылған препараттармен вакцинациялауды жедел түрдебастау.
2. Азаматтардың барлық санаттары үшін, оның ішінде ревакцинация үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналардың жеткілікті санын қамтамасыз ету.
3. Pfizer препаратымен ақылы түрде вакцинациялаудың нақты басталу күнін жариялау. Бұл вакцинациялауды қысқа мерзімде бастау.
4. Отандық QazVac препаратын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және әлемнің жетекші елдерінің фармацевтикалық әкімшіліктері халықаралық тану үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлау.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket