«2025 жылға қарай ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының кемінде 5 филиалын ашу қажет»

1742
Adyrna.kz Telegram

Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының кемінде 5 филиалын ашу қажеттігін атап өтті. Оның ішінде кемінде екі ЖОО еліміздің батыс өңірінде орналасуы және техникалық бейіні болуы тиіс. Айта кету керек, бұған дейін Президент Қ.К. Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында МФТИ және Бауман атындағы ММТУ сияқты ресейлік жоғары оқу орындарының Қазақстанда филиалын құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатын.

Пікірлер