5-қаңтарда Алматы облысы әкімінің орынбасары соққыға жығылды

634

5 қаңтардағы митинг кезінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов жарақат алды. Қазір 61 жастағы шенеунік ауруханада жатыр. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел айтты. 

"Қазақта "басу айту" деген сөзі бар, ол жастарды тыныштандыру үшін шықты. Бірақ ол жерде, көргеніміздей, өз үндеуін айтатын топ емес, билік пен конституциялық құрылысты құлатуға бел буған топ болды. Олар оны тыңдамай, ұрып-соға бастады. Оны арашалап қалдық, қазір жағдайы жақсы. 

Ол қандай жарақат алғанын айта алмаймын, бірақ аман-есен. Ол ауруханада қайтыс болды деген ақпарат - жалған. Мен онымен кеше сөйлестім", - деп қосты Ғалымұрат Жүкел.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket