ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалды

1556
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының өкімдерімен ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімдерімен Марат Сапарұлы Өсіпов мен Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер