Террорға тойтарыс: Операция әлі жалғасып жатыр

2022
Adyrna.kz Telegram

Арнайы қызметтер Алматы облысында терроризмге қарсы операцияның бірінші кезеңін өткізді. Облыс коменданты Серік Күдебаев тұрғындарды тыныштық сақтауға және үйден шықпауға шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Ахуал бақылауда. Тіршілік үшін қажетті барлық нысан штаттық режимде жұмыс істейді. Жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтап, үйде болуларыңызды сұраймыз", - деді комендант.

Ол облыста терроризм қаупінің "қызыл" деңгейі енгізілгенін еске салды.

Талдықорған айналасында блок бекеттер орнатылған. Автокөлік иелері өзімен бірге жеке куәлігі және көлік  құжатын ала жүруге тиіс. Тіркеу нөмірінсіз жүретін автокөліктерге қатаң шаралар қолданылатын болады, деп атап өтті комендант.

Заңды талаптарға бағынбаған жағдайда, құқық қорғау органдарының өкілдері қару қолдануға дейін қатаң шаралар қабылдайды", - деді комендант.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер