Тоғжанов Ақтаудағы комиссия басшысы болып тағайындалды

5283
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министр Асқар Мамин Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау үшін Үкімет комиссиясын құрды. Комиссия басшысы болып Ералы Тоғжанов тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Комиссия құрамына энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин кірді. Комиссия өкілдері ертең Ақтауға ұшады.

Батыс Қазақстандағы жағдай 1 қаңтардан бастап, газдың бағасы литріне 120 теңгеге дейін күрт өскен кезде өрши түсті. Жаңаөзен қаласы мен жақын маңдағы ауылдар мен кенттердің тұрғындары көшелерге шығып, газ бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етуде.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер