Ұлт көсемі Мұстафа Шоқай дауысын әр қазақ тыңдауы тиіс! - Қазыбек Иса

7971
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптаның сенбісінде, 25 желтоқсанда Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірі мен саяси күрес жолдарынан сыр шертетін Мұстафа Шоқай мұражайының ашылуы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса , Жұлдыз Сүлейменова, қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдер басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, мұстафатанушы ғалымдар, журналистер, Мұстафа Шоқайдың ұрпақтары, білім беру саласының өкілдері қатысты.

Жиналғандар Мұстафа мұражайын тамашалап, мұстафатанушы Әбдіжәлел Бәкір мұражайдың ашылуы туралы арнайы сөз сөйледі.

Мектеп залында Мұстафа Шоқайға арналған жиын болып, қойылым мен концерт өтті.

Алғашқы болып сөйлеген белгілі ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Мұстафа Шоқайдың ел тарихындағы ерекше маңызды рөлін айшықты тілмен айқындап берді.

- Ұлт көсемі, мұзбалақ Мұстафа Шоқайдың Алаш жастарына айтқан сөзі әр қазақ тыңдап жүруі тиіс!, -  деді Қазыбек Иса.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер