Елімізде жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артты

351

Елімізде жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәселен, жылдамдықты 10-20 шқ/сағ асырғаны үшін айыппұл 14 мың 585-тен 15 мың 315-ке дейін, 40 шқ/сағ және одан асатын жылдамдық үшін 58 мың 340 теңгеден 61 мың 260-қа дейін өседі.

Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін жүргізушілер енді 14 585 теңге  емес, 15 мың 315 теңге төлеуі керек.

Зиянды шығарындылар нормасын асырғаны үшін айыппұл 5 мың 834 теңгеден  6 мың 126-ға дейін өсті.

Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл 15 315 теңге. Дәл осындай айыппұл көлікті дұрыс қоймағаны үшін де қарастырылған. Алайда, егер көлік көгалға немесе ойын алаңына қойылса, жүргізушіге қазірдің өзінде 30 мың 630 теңге айыппұл салынады.

Төленбеген тұрақ үшін айыппұл 9 мың 189 теңге. Кептеліс пайда болған қиылысқа дейін көлікпен жүру үшін және күндізгі уақытта қосылмаған шам жарығы немесе тұрақ шамдары үшін де дәл осындай айыппұл.

Маневр жасау кезінде қосылмаған бұрылыс сигналы жүргізушіге 15 мың 315теңге, ал қызыл бағдаршамға өту 30 мың 630 болады. Жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізуші де 30 630 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Айыппұл сомасының ұлғаюына 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК-тің ұлғаюы себеп.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket