Бекболат Тілеуханмен жанжалдасып қалған журналист полиция қызметкерлерін шақырды

2319
Adyrna.kz Telegram

Полиция қызметкерлері журналист Айнұр Коскинаның өтініші бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне келді. Бүгін ғана қызметінен кеткен депутат Бекболат Тілеухан журналистпен жанжалдасып қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Айнұр Коскинаның айтуынша, ол Мәжіліс ғимаратында экс-депутаттан сұхбат алмақ болғанда депутат оған күш қолданған. Журналист арыз жазуды көздеп отыр. Оның сөзінше, экс-депутаттың қолы бет жағына тиіп кеткен және моноподы екі бөлініп қалған.

Бекболат Тілеуханмен болған оқиғадан кейін Айнұр Коскина полицияға хабарлаған. Ал экс-депутат Парламент ғимаратынан шығып кеткен. Полиция қызметкерлері біраз уақыттан кейін келген.

Экс-депутаттың көмекшісі оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер