Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы жарыққа шықты

1839
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ электронды нұсқада «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабын шығарды.

Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі электронды кітап - 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі соңғы үш онжылдықтағы Қазақстан Тәуелсіздігінің жетістіктерімен тікелей немесе жанама байланысты бірегей оқиғалар альманахы.Спикерлердің көпшілігі тарихи оқиғаның куәгері бола отырып, өздерінің жеке естеліктері мен эмоцияларымен бөліседі, ел дамуының әрбір нақты кезеңінің бұрын белгісіз болған бөлшектерін еске алады. Сонымен қатар, бұл кітапта соңғы 30 жыл ішіндегі экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени процестерді талдайтын салалық сарапшылардың пікірлері келтірілген. Әңгімелерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаттағы бейнесі ерекше орын алады.

— Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттің табысты өсіп-өркендеуі үшін орнықты қолайлы сыртқы жағдайлардың ауадай қажет екенін түсінген болатын. Оның айрықша сыртқы саяси белсенділігі, интеграциялық және бітімгерлік күш-жігері нақ осыған негізделген. Біздің еліміздің айтарлықтай күрделі геосаяси жағдайына қарай отырып, ол өзінің сыртқы саясатының бірден-бір дұрыс стратегиясын таңдады. Бұл әрдайым маневр жасау еркіндігін, мың құбылып жатқан әлемнің күтпеген сын-қатерлеріне барабар және дер кезінде жауап беру мүмкіндігін беретін көп векторлы және центризм стратегиясы еді. Мен оның ұлы державалардың, басқа да елдердің корольдерімен, президенттерімен және премьер-министрлерімен, аса ірі халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулеріне, келіссөздеріне қатысу бақытына ие болдым. Көптеген әлемдік көшбасшыларды Нұрсұлтан Әбішұлының өзін әріптесімен тең де лайықты ұстау мәдениеті, ішкі энергетикасы, жоғары интеллектісі мен терең эрудициясы әрдайым таң қалдырып, сүйсіндіретін, — дейді Мемлекет қайраткері, дипломат Қанат Саудабаев.

 

 

Пікірлер