Бүгін - әнші Бибігүл Төлегенованың туған күні

3072
Adyrna.kz Telegram

Бүгін – әнші, КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың туған күні, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бибігүл Төлегенова халқын  әсем әнімен де, сұлу сәнімен де қашанда қуантумен келе жатқан тұлға. Әлемдік деңгейдегі опера жұлдызы өзінің  өнердегі аса жоғары жетістіктері үшін ғана емес, халық арасында үлкен сүйіспеншілікке ие болғандықтан да халық әртісі атанған жан.

Бибігүл  Ахметқызын әлемнің өнерсүйер қауымы әрқашан құшақ жая қарсы алады. Оның  әндеріне Нью-Йорктың, Лондонның, Париждің, Римнің, Афинының, Токионың, Сеулдің, Каир мен басқа да әлемнің ірі қалаларының айтулы концерт залдарына жиналған жұрт тамсана қол соққан.

Халық әртісі әлемнің ең үздік  оркестрлерімен: Осипов атындағы орыс ұлттық  академиялық ұлт аспаптар оркестрі, Чайковский атындағы үлкен симфониялық оркестрі, принц Уэльскийдің (Ұлыбритания)  камералық оркестрімен бірге  ән салған.

Бибігүл Төлегенова ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша XX  ғасырдың ұлы  жиырма әйелдерінің қатарына енген өнерпаз.

Біздің анықтама:

Бибігүл Төлегенова – 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер