Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібі дамуда

1745
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында қазіргі уақытта өнеркәсіп саласында 718 кәсіпорындар белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде 605 өңдеу өнеркәсібінде.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылдың 10 айында 632,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға артты.

Өнеркәсіп саласында үлесі 87,2 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 551,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,3 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 9 орында. Бүгінде өңдеу өнеркәсібі саласында 22,0 мыңнан астам адам жұмыс жасауда.

Жалпы кәсіпкерлік қолдау картасы аясында 2021 жылы қала аумағында 16,7 млрд.теңгеге 613 жұмыс орнын құрумен
16 жобаны іске қосу көзделген.

Оның ішінде, қазіргі таңда 15,5 млрд. теңгеге 13 жоба іске қосылып, онда 500-ден астам жұмыс орындары құрылды.

Пікірлер