ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНА 9 АЙДА 74 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

105

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданында орналасқан жаңадан ашылған "Бизнес орталығына" барды. Онда инвестициялық жобалармен танысып, нақты тапсырмалар берді.

Ауданда 21 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Бүгінде оның 17 340-ы жұмыс істеп тұр.

Кәсіпкерлер тарапынан 2021-2025 жылдарға 354 жоба жоспарланған, тартылатын инвестиция көлемі шамамен 101 млрд теңгені құрады. Межеге сәйкес осы жылға жоспарланған 96 жоба жүзеге асып, инвестиция көлемі 25 млрд теңгені құрап, 1500 жаңа жұмыс орындары ашу қарастырылған.

Ал 9 АЙДА 74 жоба нысанының құрылыс жұмыстары аяқталып, инвестиция көлемі 21 млрд теңгені құрады.

Қала әкімі әрбір жобамен танысып, бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетуді, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бойынша барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тиісті сала басшыларына тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket