Өскеменде студенттің атына біреулер бірнеше рет несие рәсімдеген

2241
Adyrna.kz Telegram

Өскеменде оқу орындарының бірінің бірінші курста оқитын 18 жастағы студенті полицияға шілдеден қарашаға дейін белгісіз біреулер оның атына бірнеше несие рәсімдегенін хабарлады. Қыздың айтуынша, мұны белгісіздер оның телефонын пайдаланып жасаған, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  YK-news.kzбасылымына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жалпы шығын 900 мың теңге болған.

"Бұл әрекетте жәбірленушінің 18 жастағы екі сыныптасы күдікке ілінді", - деп хабарлады Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер