Орта Азиялағы электр қуаты ең қымбат ел - Қазақстан

2696
Adyrna.kz Telegram

Энергетика секторын зерттеуге арналған Cable.co.uk британ порталы әлемнің 230 еліндегі электр қуатының бағасын салыстырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Портал мәліметінше, Өзбекстанда 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,027 доллар немесе 295 сум тұрады. Өзбекстан рейтингте 7-орын алды.

Зерттеулерге сәйкес, Орталық Азия елдерінде ең арзан электр қуаты Қырғызстанда сатылады. Бұл елде 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,017 доллар тұрады. Қырғызстан рейтингте төртінші орында тұр. Алтыншы орынға Тәжікстан орналасты. Мұндағы баға – 0,023 доллар.

Қазақстан 16-орында тұр. Республикада 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,039 доллардан сатылады.

Электр қуаты арзан үш мемлекет Африкада орналасқан – Ливия (0,007 доллар), Ангола (0,013 доллар) және Судан (0,014 доллар).

Соломон Аралдарында (0,692 доллар), Әулие Елена аралында (0,612 доллара) және Вануатуда (0,591 доллар) электр қуаты қымбат екені анықталды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер