Шымкентте жыл басынан бері 110 мың адам тегін дәрімен қамтамасыз етілген

804
Adyrna.kz Telegram
Шымкентте жыл басынан бері 110 435 азамат  тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілген. Емделушілерді тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері 3,7 млрд теңге жұмсалған.  Бұл қаржы  созылмалы аурумен есепте тұратын науқастарға, ауруханада жатқан азаматтарды емдеу шаралары үшін бөлінген. 
Тегін дәрілік заттармен қамтамасы ету үшін стационарлық деңгейде ағымдағы жылы жалпы сомасы 5,845 млрд. теңгені құрайтын дәрілік заттар  және медициналық бұйымдарды  жеткізуге келісім шарт жасалды. Дәрілік заттарды медициналық ұйымдарға жеткізіп беру үшін  64 сатып алу шарты жасалған. 
Сондай-ақ амбулаториялық деңгейдегі  38 медициналық ұйымға   7,2 млрд. теңге соммасына дәрілік заттар және медициналық бұйымдарды сатып алуға өтінім ұсынылды. Сатып алу өтінімі бойынша  емхана деңгейінде  науқастар тегін дәрімен қамтамасыз етілмек.
Пікірлер